Сору бейнелісі.
Баланың ерніне мақта, емізік немесе саусақты тигізгенде сору
қимылдары пайда болады
(11 сурет).
1 жасқа дейін сақталады.
ЖҰЛЫН АВТОМАТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛІСТЕРІ
Қорғану бейнелісі
– баланы етпетінен жатқызғанда басын жанына бұрып алады, 2 –
3 айға дейін сақталады
(12 сурет).
Еңбектеу бейнелісі (еңбектеу феномені, Бауэр бейнелісі)
– Баланы етпетінен
жатқызады (басы мен іші бір сызықтың бойында болуы керек)
(13 сурет).
Табанына
алақан тигізіп басқанда, бала алға ұмтылып, қолдарымен қимылдай бастайды, 4 айға дейін
сақталады.
Ұстау бейнелісі
– саусақтарды баланың алақанына салып басқанда, ұстау қимылы
пайда болады
(14 сурет).
Кейде осылай баланы жерден көтеріп алуға болады.
Бұл бейнелісті табанда да анықтауға (I-III башпайлардың түбінен басса башпайлары
табанына қарай иіледі) болады. 2-4 айларда жойылып кетеді.
Галант бейнелісі
– қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығы бойымен,
мойнынан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркендіру
қапталына қарай доға тәрізденіп майысады
(15 сурет).
4 айлығында жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: