Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


дененің қалпын ұстау бейнелістері



Pdf көрінісі
бет108/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

дененің қалпын ұстау бейнелістері
пайда бола
бастайды.
Бастан мойынға қалыптастыратын бейнелістер 2
айдан, етпетінен жатқанда басын ұстап тұра алатын
күннен бастап, пайда бола бастайды. Осы кезеңнен
бастап мойындық тізбекті симметриялық мойын қалыптастыру бейнелісі дами бастайды.
Бұл бейнелістің әсерінен мойын, тұлға, 5 айдан бастап аяқ жазғыштарының тонусының
қалыптасуы отырғанда, тұрғында және жүргенде баланың тұлғасын ұстап тұруға
мүмкіндік жасайды.
Ландаудың жоғары бейнелісі.
Етпетімен жатқызған бала, екі қолымен тіреп басын,
кеудесін жоғары көтереді. Бұл бейнеліс 3-ші айдың аяғында, 4 айдың басында пайда бола
бастайды.
Ландаудың төменгі бейнелісі.
Етпетінен жатқан бала аяғын жазып, жоғары
көтереді. Бұл бейнеліс 5—6 айдан бастап қалыптасады.
Мойындық және тұлғалық жәй қалыптастыру бейнелістері
— басын бұрған
жаққа тұлғасы да бұрылады.
Тұлғадан тұлғаға ауысатын тізбекті қалыптастыру бейнелісі
. Баланың иығы
бұрылған жаққа тұлғасы және аяқтары бұрылады. Жанбас бөлігінің бұрылуы тұлғасының
және иығының сол жаққа бұрылуына мәжбүр етеді. Мойындық және тұлғалық тізбектік
қалыптастыру бейнелістері 6—7 айда қалыптасады.
Қозғалыс қабілетін зерттей отырып көру, есту әрекеттерін (реакцияларын), сөз
сөйлеуінің дамуын, түйсігін, күн тәртібіне байланысты әрекеттерді және оларды игеруді
бағалай отырып, жүйке-іс әрекетінің даму деңгейін бағалайды. Бір жасқа дейінгі балалар
дамып, жетуін бағалағанда 15 күн аралығындағы ауытқулар қалыпты болып есептелінеді.
Егер бала тиісті дағдылар уақытынан бұрын (15 күннен артық) игерсе, ерте немесе
жылдам даму деп аталады. Ал, тиісті мерзімінен кеш (15 күннен артық кем болса) игерсе
жәй даму болып есептелінеді.
2–3 жастағы балалардың жүйке-іс әрекеттерінің даму қабілетін келесі көрсеткіштер
(30-31 кестелер)
бойынша анықтайды: Сөзді түсіну (Ст), белсенді сөйлеу (Сб), сенсорлы
даму (Сд), ойыншық және заттармен әрекеті (О), қозғалу (Қ), икемділік қабілеті (И). Бұл
көрсеткіштер жүйеленіп берілген.
2 жастағы балалардың дамуының қалыптылығын бағалағанда, ауытқу деңгейі 3
айдан аспауы керек. Ал, 3 жастағы балаларда ауытқу деңгей жарты жылдан артық
болмауы керек.
3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүйке-іс әрекеттерін бағалауды күн тәртібіне
байланысты қимыл-қозғалыстар кезінде жүргізеді. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде
тәрбиеленетін бала болса, ұстаздардың мінездемесін пайдаланады.
Сонымен қатар, келесі маңызды көрсеткіштерді анықтайды:
1.
Қимылдарының
(моторикасының) дамуы және көру координациясы (жүру кезіндегі тепе-теңдігі,


статикалық тепе-теңдігі, секіру және т. б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет