Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет128/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жанасу сезімталдығы
. Ұрық пен нәрестенің жанасу сезімталдығы өзінің пайда
болуы мерзімі бойынша басқа барлық сезім мүшелерінен ерте болады. Түйсіну балада
құрсақішілік кезеңнің 5-6 аптасында пайда болады. 12 аптаға дейін ұрықтың терісінің
барлық беті рефлесегенді аймақ болып келеді. Ерекше сезімталдық сезімі ауыз
айналасында (әсіресе ернінде), жыныс мүшелерінің терісінде және сандардың ішкі
бетінде, алақанда, табанда орналасады.
Температура қабылдаушы рецепторлар
. Дені сау нәрестенің терісі сипалағанда
жылы. Туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда физиологиялық температураның төмендеуі
(«транзиторлық гипотермия») байқалады. Салқын рецепторлар, жылу рецеп-торларына
қарағанда, 10 есе көп болғандықтан баланың салқындауға сезімталдығы, қызып кетуге
жауабы басым болып келеді. Дене қызуының, әсіресе шала туылған нәрестелерде,
төмендеуінде, кейде аяқтарының, ішінің алдыңғы беттерінің төменгі бөліктерінің терісінің
және тері асты шел майының (склерем және склередема) ісінуі (тығыздалуы) байқалады.
Денесінің қызып кетуі және сусын ішу ережесінің бұзылуы мерзімінде туылған
нәрестелерде «транзиторлық қызбаның» пайда болуына әкеледі.
 
Есту анализаторы (талдағышы).
Ұрықта ішкі құлақ белгісі құрсақішілік дамудың
4-ші аптасында пайда болады. Құрсақ ішіндегі ұрықтың дауысты еститіні, пренатальды
кезеңде естіген анасының дыбысы нәрестенің танитыны дәлелденген. Әкесінің дауы-
150


сында солай танитын болса керек. Жаңа туылған нәресте естиді. Құлақ морфологиялық
тұрғыдан жақсы дамыған. Сыртқы есту жолы саңалау тәрізді, дабыл жарғағы ересектер-ге
қарағанда, қалың келеді. Евстахиев түтікшесі горизонталды орналасқан, кең және қысқа,
сондықтан мұрын мен дабыл қуысы жақсы байланысадыда, ортаңғы құлақтың жиі
инфекцияланып, отиттің пайда болуына ықпалын тигізеді. Самай сүйегінің толық
сүйектініп бітпеуі және емізік тәрізді өсіндінің болмауы антриттің жиі байқалуын
түсіндіреді.
Көру.
Көздің құрала басталуы құрсақішілік кезеңнің 3-ші аптасында басталады.
Көздің және көру талдаушыларының (анализаторларының) туылған кезде өзіндік ерек-
шеліктері боладыда, олардың толық дамуы жарық қоздырғыштарымен стимуляциялау-ды
қажет етеді. Бала өсе келе көз алмасының мөлшері мен салмағы, көз қарашығының,
мүйізді қабығының диаметрі, көзбұршақтың салмағы арытады. Өсудің тоқтауы пубер-
татты кезеңде байқалады. Балаларға алғашқы күндері алыстан көргіштік (гиперметропия
тән), 7,0-ге дейін, тән. Ол өсе келе азаяды. 9-12 жасар баланың көбіне эметропия тән.
Жаңа туылған балалардың көзі тұрақтыға жақын жабық, қарашығы тарылған, көз
қиығы (қарақуы) бекітілмеген болады. Нәрестенің көзі айқын, мөлдірқабы мөлдір,
қарашығы дөңгелек, жарыққа реакциясы айқын (тірі) болады. 
Дәм.
Дәмді сезу қабылеті құрсақішілік кезеңнің, соңғы айларында қалыптасады,
туылғанда қызмет қыладыда, өмірінің 4-5-ші айларында толық жіктеледі. Нәрестелердің
дәм қабылдаушылары тілдің барлық бетін, ернін, қатты таңдайды және ауыз қуысының
иек бетін қамтиды. Нәрестелердің дәмді сезу табалдырығы, ересектерге қарағанда, жоғары
болады. Нәрестелер тәтті дәмге жақсы жауап берсе, керісінше, ащы және тұзды дәмдерге
теріс (қабағын кіржитеді, жалпы мазасыздану байқалады) жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет