Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет169/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қысқа ауырсынып жөтелу
– терең демалғанда күшейеді, плевра қабынғанда,
плевропневмонияда байқалады.
Жөтелдің
құрғақ
немесе
ылғалды
екенін білу үшін әсіресе бір жасқа дейінгі
баланы, мұқият қадалаған жөн (қақырығын жұтып қоюы мүмкін).
Баланың дауысына, көңіл аудару қажет, себебі көмей мен дыбыс желбезегі
қабынғанда дауыс өзгереді.
Үлкен адамдармен салыстырғанда, өзгешелігі ларингитте көбіне тыныс қиындайды,
оны круп деп атайды. Круп шын және жалған (дауыс желбезегі астындағы ларингит)
болады. Шын круп көмей дифтериясында кездеседі. Бұл жағдайда дауыс желбезектері
круппозды қабынып, қабыршақтар пайда болады. Жалған круп жедел респираторлы
вирусты жұқпалы ауруларда (көбіне парагриппте) болады және бұл жағдайда дауыс
желбезектерінің төменгі кілегей қабықтары ісінеді. Қазіргі кезде крупты көмейдің
тарылуы (стеноз) деп атайды.
Круптың жалпы белгілері қатқыл, үрмелі жөтел, инспираторлы ентігу. Жалған круп –
сау бала әдетте кешкі уақытта немесе түн ортасында қапыл ауырады, ол шошып оянып,
дем жетпей тұншыға бастайды.
Шын круп көбіне жәйлап басталады (1-3 күндей) және жалған круптан өзгешелігі
дауыс бірте-бірте жоғалады (афония). Бала круппен ауырғанда кешіктірмей жедел
медициналық көмек көрсетілуі қажет.
Микседеманың белгілерінің бірі қатқыл төмен дауыс.
Созылмалы тұмауда, аденоидта, көмей арты абсцессте дауыс мыңқылдап естіледі.
Жұтқыншақ дифтериясы мен энцефалопатияда дауыс мыңқылдап естілсе, демек, жұмсақ
таңдай парезі (шала салдана бастағаны) болғаны.
193


ҚАРАУ. 
Баламен танысып болған соң қарауға кіріседі. Терінің түсіне (боз, көкшіл),
қай жерде, өзгеріс барына (ауыз, көз айналасы), мұрын қырының үрленуі мен тартылуына,
мұрыннан секреция бөлінуіне, мұрын арқылы кедергісіз дем алуына көңіл аударылады.
Тұмау бар-жоғын анықтайды. Жедел респираторлы вирусты инфекциялы ауруда, кей-
кезде аллергиялық ринитте, мұрыннан серозды немесе кілегей-серозды сұйықтық бөлінуі
мүмкін. Қызылша, грипп және аденовирусты аурулардың соңғы кезеңінде, гайморитте
мұрыннан кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді сұйықтық бөлінеді. Мұрын дифтериясында
қанды сұйықтық бөлінеді. Геморрагиялық диатезде, лейкозда, гипопластикалық анемияда,
мұрын полипінда, ревматизмде, мұрын ішіндегі тамыр өрімдерінің орналасуының ерекше
жағлайларында мұрын қанайды. Көңіл аударатын жағдай, әсіресе, ерте жастағы балаларда,
туа біткен мерез (сифилис) ауруында мұрынның кілегей қабығы созылмалы түрде
қабынып, нәрестенің дауысы қырылдап шығып, кұрғақ тұмау байқалуы мүмкін. 2-3 айға
дейінгі сәбилердің аузының бұрыштарында, тілінің астында көпіршікті бөлінділер
байқалады. Бұл кішкене сәбилерде бронхиолит, пневмония белгілері болып келеді. Бұл
белгілердің пайда болуы қабыну экссудатының тыныс жолдарынан ауыз қуысына өтуіне
байланысты деп есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылардың тамақ-мұрын бездері ұлғайғанда
олардың бет-әлпеті өзгереді: бозарып, ісініп тұрады, бала үнемі аузын жартылай ашып
жүреді.
Жиі ауыратын баланың (көкжөтел, созылмалы өкпе қабынулары) бет-әлпеті де
өзгеше болады: беті бозарып, ісіңкі болады және қабақтары да ісініп тұрады (лимфа
айналасының бұзылуы әсерінен), еріндері көгеріп, бет тамырлары шығып тұрады, тері
асты мен кездің қанталауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет