Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Дем алу түріне (тип) назар аударуы керек



Pdf көрінісі
бет172/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Дем алу түріне (тип) назар аударуы керек. 
Ол жасқа байланысты өзгеріп отырады,
яғни, 5–6 жастағы қыз балаларда кеудемен дем алу байқалса, ер балаларда өзгеріссіз
қалады. Яғни ішімен дем алады.
Кеуде қуысының қозғалғыштығын (экскурсиясын) анықтау.
Кеуде қуысының
аумағын сантиметрлік лентамен өлшейді. Емізік тұсымен айналдырып, жауырын
бұрышының астынан
 
өткізеді. Тыныш, қалыпты, максимальды дем алу және дем шығару
кезінде өлшеу керек. Көлемдер айырмашылығы кеуде қуысының қозғалғыштығын
(экскурсиясын) көрсетеді.
Кеуде қуысының экскурсиясы өкпе қапыл ісінгенде, бронхиальды астмада, өкпе
фиброзында, көк ет асты абсцессінде, қабырға аралық невралгияда шектеледі.
Тыныс жиілігін анықтау.
Тыныс жиілігін қолымен, яғни, кеудеге немесе ішке
қолды қойып санайды, ал мазасыз балалардікін тамыр соғысымен бірге тексерудің
195


басында «көзбен» санаған дұрыс. Алынған цифрларды бағалай отырып, тыныс алуға әсер
етуші жағдайларды, әсіресе қобалжуын ескеру қажет.
Жиі дем алу – қобалжығанда, күш түскенде, ыстығы
 
көтірілгенде, ауырғанда
кездеседі.
Тыныс жиілігі жасқа байланысты болады, жаңа туған сәби 1 минутта 40-60 рет
тыныс алады, 1 жаста 30-35 рет. Балаларда жиі тыныс
аритмиясы
(ырғақсыздығы)
байқалады. Ягни, терең емес тыныс қозғалыстары неғұрлым тереңірек тыныс қозғалыста-
рымен алмасып отырады. Бұл жағдай тыныс орталығының дұрыс жетілмегендігіне,
әсіресе, күніненбұрын туған балаларда, байланысты. 
Дәл санау үшін тыныс жиілігі бала ұйықтап жатқанда толық 1 минутта санау керек.
Жаңа туған сәбилер тыныс
 
жиілігін жұмсақ стетоскоп арқылы мұрнына тақап (баланы
шешіндірмей) есептеуге болады
 
(54 сурет).
Дені сау бір жаска дейінгі балаларда 3–3,5
тамыр соғуына 1 рет тыныс алу сай келеді.
1 жастан асқан балаларда 1 тыныс алуға 4 тамыр соғуы сәйкес келеді. Окпе
зақымдағанда, тыныс жиілігі пульстан артық жиілейтін болғандықтан, бұл көрсеткіш 1:2,
1:3 болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет