Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет167/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Баланы тексеру барысында ауру баладан немесе ата-анасынан баланың ауруы туралы
деректердің белгілі бір тәртіппен жиналуын қадағалау керек.
Ауру жөнінде дерек жинағында ыстығы көтерілді ме, бала қалтырап, тоңды ма,
анықтап білу керек. Сонымен қатар, бұрын соңды өкпе аурулары байқалды ма, ол қалай
дамиды, айығуы қалай анықталды. Баланың қызылша, көк жөтелмен ауырғаны, отбасында
туберкулезбен ауыратын адам бар-жоғы туралы мәліметтерді сұрастырып білу керек.
Диагноз үшін де, ауру баланы дұрыс емдеу үшін де, оның жылағаны, дауысын,
жөтелін дұрыс бағалай білудің маңызы зор. Сау бала дүниеге қатты айқайлап келеді. Ол
кезде бала алғашқы рет терең дем алып, жиырылып тұрған өкпе жазылып, қалыпты
жағдайға түседі. Егер бала әлсіз шиқылдаған (шіңкілдеген) дыбыс шығарса немесе дем
алса, онда баланың жалпы әлсіздігі (шала туылу) немесе ауыр науқас жөнінде ойлану
керек. Жаңа туылған нәрестелер мен сәбилер қатты дауыстап жыласа, яғни, ол терең
тыныс алғанда ауырсынбағаны. Демек, плевраның мертігуі, плевропневмония мен
перитонит сияқты аурулардың жоқтығы туралы мәлімет аламыз.
Жас нәрестелер қатты дауыстап ұзақ жыласа, баланың қалай құнтақталғанын,
денесіне бататын заттың және шағатын жәндіктердің жоқтығын, анықтап, тексеріп, сулы
жаялықтарын кезінде алмастырылуын және т.б. мұкият қадағалау керек. Баланың іші
кепкенде, ішек шаншығанда бала жайсызданып, мазасызданып жылай бастайды.
Орталық құлақ қабынып, ауырсынғанда баланың айқайлап жылаған дауысы
өзгешелеу болады, емгенде және жұтынған кезде, ауруы күшейеді де, бала бір-екі рет
сорғаннан кейін, сормай қатты айқайлап мазасыздана бастайды. Құлақ түйінін басып
көргенде және құлақ қалқанын жоғары және артқа қарай тартқан кезде бала ауырсынып,
басын тартып алуға тырысып, қатты жылайды.
Кіші дәретке отырғанда ер балалар айқайлап жыласа – фимоз, қыз балаларда –
вульвит, цистит немесе кіші дәретке тұздың шеттен тыс жиналуы туралы ойлау қажет.
Үлкен дәретке отырар алдында немесе отырған кезде қатты жыласа іш қату, артқы
ішек маңайында жарық немесе сызат болы мүмкін.
Бір қалыпты ыңырсу, арасында қапыл қатты айқайлап жіберуі бас сүйек қуысының
қысымы көтерілгенде байқалады.
Баланың бір жері ауырған кездегі жылағанынан, оның аш кезіндегі жылауын айыра
білу керек. Эйтрофик бала аздап қарны аш болса қатты дауыстап қоймастан жылайды,
бірақ, аса көп мазасызданбайды және тамақтандыра бастағанда жылағаннан бірден қоя
қояды. Гипотрофик, атрофиктер ұзақ уақыт дұрыс тамақтандырылмаған балалар
ашуланыңқырап жылайды, үнемі жұдырығын аузына салып сорады. Жөтел тыныс
жүйесінің зақымдалуының негізгі белгілерінің бірі болып келеді. Осыған орай, тыныс
жолдарының ауруларын айыра білу үшін жөтел түрлерін білудің маңызы үлкен.
Жөтел
– күрделі рефлексті, қысқа дем алу сатысынан басталады да, одан кейін
басымдылықпен тыныс шығарады. Ауа қысымымен ауа жүретін жолдардан өтіп, жөтел
дыбысын шығарады. Жөтел организмінің физиологиялық актісі болып есептелінеді. Ол
арқылы тыныс жолдарындағы кілегей, экссудат және бөгде денелер кейін шығарылады.
Олар патология болып есептелінеді, сау балада болмауы керек.
Жас нәрестелер дұрыс жөтеле алмайды, себебі тыныс еттері әлсіз және ол бронх пен
бронхиолдардың бітеліп қалуына себеп болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилер, туа болған
аномалияларда, салдық (параличтік) сатыдағы полимиелитте және іш қуысында амнионды
сұйық жиылып қалған аурулар жөтеле алмауы мүмкін. 
Жөтелдің бірнеше түрі болады:
192




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет