Қатқыл үрлеп жөтелу
(көмей, кеңірдек қабынғанда, круппта кездеседі). Құрғақ
азапты жөтел, сөйлегенде, жылағанда күшейеді, бронхит жаңа басталып келе жатқанда
кездеседі. Ылғалды жөтел – қақырық шыққанда, трахеобронхитте, бронхитте кездеседі.
Қақырық
– 5 жасқа дейінгі балалар қақырық түсіруді білмейді, кейін жұтып қояды.
Қақырық тыныс жолдарынан бөлінетін патологиялық зат, ол патологиялық заттардан басқа
аздап ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын жолдарының, кілегей қабаттарының бөліндісінен,
кей кезде жұтқыншақ, иек, қызылиекте жабысып қалған тамақ қалдықтарынан, және
кейбір ауруларда қан мен іріңнен тұруы мүмкін.
Қақырық мөлшері әртүрлі болады. Өкпе демікпесінде өте аз, созылмалы
пневмонияда өте көп болады.
Құрамына байланысты қақырық, іріңді, кілегейлі, іріңді-кілегейлі, қан аралас
болады.
Кілегейлі қақырық
– түссіз, мөлдір, жабысқақ немесе жабысқақ емес болады.
Кілегей-іріңді қақырық
(кілегей мен іріңі бар) бір түсті, лайлы, жабысқақ масса болып
келеді.
Іріңді қақырық
— өте сирек кездеседі, іріңді бронхитте, бронхиолитте, өкпе
абсцессі жарылғанда, плевра эмпиемасы бронх саңылауына жарылғанда байқалады.
Қан аралас қақырық
– кілегейлі қан аралас, кілегей қанды ірің аралас, қан аралас
болып үшке бөлінеді.
Кілегейлі қан аралас қақырық
– мұрын, жұтқыншақ ауруларында, қанды қақырық
өкпе туберкулезінде т.б. кездеседі.
Көк
жөтел – терең ысқырған конвулетті тыныс алып (реприза), бірінен соң бірі
жалғасқан ұстама жөтелді үзіп жібереді. Жөтел ұстамасы кезінде баланың беті қызарып,
көзінен жас ағады. Жөтел соңында бала құсады немесе көп мөлшерде созылмалы мөлдір
қақырық түседі.
Қоссазды (Битональды) жөтел
– түйіліп жөтелу, негізгі қатқыл тон және сазды
жоғары 11 тонды болады. Туберкулезді бронхоаденитте, лимфогрануломатозда, көкірек
қуысы ісіктерінде (тимома, саркома т.б.) байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |