Биот тынысы
– тыныс қозғалыстары
ырғақты, бірак терең, белгілі бір уақытта,
бірнеше секундтан жарты минутқа дейінгі
аралықта қайталанып
(55-3 сурет)
отырады.
Менингит, агониялық жағдайларда, ми қан
айналысы бұзылғанда кездеседі.
Чейн-Стокс тынысы
– ұзак (бірнеше секундтан 1 минутқа дейінгі) үзілістен кейін
алдымен шусыз тайыз (беткі) дем алыс пайда болады да, тез күшейіп шу пайда болады. 5–
7 рет дем алғаннан кейін сол қалыпта, ретте қайтып келесі қысқа үзіліске ұласады
(55-2
сурет).
«Гроктың толқынды тынысы»
– Чейн-
Стокс тынысына аздап ұқсас, бұнда үзілістің
орнына тайыз (беткі) тыныс пайда болады
(55-1 сурет).
Куусмаул тынысы
бала анда-санда бір терең шулы дем алады. Терең комада
кездеседі
(55-4 сурет).
Екі қолымен, яғни тексеріп отырған кеуденің бөлігіне алақанды екі
жағынан симметриялы қойып иілгіштігі мен серпінділіғін (резистенттілігің)
анықтайды
(56 сурет).
Ол үшін кеуде қуысын алдынан артына қарай немесе екі жағынан қысып
басып, тексереді немесе жартылай бүгілген саусақтармен итеріп қарайды. Сипағанда кеуде
қуысы ауырады. Сипау арқылы кеуденің симметриялы бөліктерінің тері қыртысының
қалыңдығында анықтайды.
Ол үшін бұғана асты немесе
жауырын асты аймағынан сұқ және үлкен саусақпен
теріні екі жағынан бір мезгілде жиып алып, салыстырып қалыңдығы
(әдетте бірдей болуы
керек) өлшенеді. Пальпациялап беткі тіндердің (ет, нерв, сүйектің зақымдалуы) және
плевралық ауырсынуларды анықтайды.
Беткі ауырсыну жұмсақ тіндер
Достарыңызбен бөлісу: