Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет173/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Тыныс жиілеүі (тахипноэ
) – балаларда тыныс мүшелері, іш жүйесінің, жүрек-
тамырлары жүйесінің, қан ауруларында (анемия), қызба
 
ауруларда, ауырсынғанда болады.
Брадипноэ
– сирек кездеседі
 
және ол тыныс орталығының жұмысының әлсіздігін
көрсетеді (уремия «кома», ессіз жағдайда), улану (ұйықтататын дәрілермен), бас сүйек
ішіндегі
 
қысым котерілсе, байқалады.
Ентігу (тахипноэ)
тыныстың күрделі бұзылуы немесе тыныс
 
алу, немесе тыныс
шыгару ұзарады.
 
Ауру ентіккенде тыныс тереңдеп, жиілейді (кейде сирейді), ырғақтылы-
ғы өзгереді. Қосымша еттер
 
тобы (кеуде, іш, төс еттері) тыныс алуға қатысады.
Гипоксемияда (қандағы оттегінің жеткіліксіздігі), ацидозда
 
тағы басқа жагдайларда
ауру ентігеді.
Ентігу түрлері.
Инспираторлы ентігу.
Жоғары тыныс жолдары обструкциясында
болады (круп, бөгде
 
дене, ісік, туа болған
көмей ақаулары, кеңірдек, бронх тарылуы,
көмей артындағы абсцесс).
Шик ентігуі.
Экспираторлы ентігу
туберкулезді инфильтраттар мен өкпе
түбіріндегі, кеңірдек пен бронхтардың төменгі
жағындағы лимфа түйіндеріне байланысты,
тек тыныс шығарғанда ауа еркін, бос өтеді.
Экспираторлы ентігу.
Кеуде қуысы
жоғары көтеріліп, тыныс алуға қатынаспайды.
Керісінше, іштің тік еттері тартылып тұрады.
Тынысты баяу шығарады, кейде ысқырып
естіледі. Бронхиальды астмада, бронхтар басылып қалғанда байқалады.
Аралас ентігу. 
Экспираторлы-инспираторлы ентігу. Кеуде қуысы көтеріліп, жұмсақ
жерлері тартылады. Ол бронхиолит және пневмонияда кездеседі. Стенозды тыныста
жоғары тыныс жолдарымен ауаның жүруі қиындайды (круп, ісік).
Дем алу ырғағы (ритмі).
Дем алу ырғағының өзгеруі балалардың 10%-ында дене
шынықтыру жаттығулары кезінде, жылағанда байқалады. Сонымен қатар, сирек дем алу
(брадипноэ) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет