Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жүрек-тамыр қызметінің функциялық көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет186/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жүрек-тамыр қызметінің функциялық көрсеткіштері:
пульс (тамыр соғысы),
минуттық және соғу көлемі, қан ағу жылдамдығы, қан көлемі, артерия қысымы, тыныс
жиілігі мен тамыр соғысының қатынасы.
Пульс дегеніміз
жүректің жиырылуы барысында, артерия жүйесіне қанды
айдауынан және систола мен диастола кезіндегі қысымның өзгеруінен болатын
артерия
қабырғасының ырғақты қозғалысы.
Пульс толқынының таралуы артерия қабырғасының серпінділігіне сәйкес созыла
және жиырыла алатын қабілетіне байланысты. Жаңа туған балалардың пульсі ырғақсыз-
дығымен, оның ұзақтығы мен толқындарының біркелкі еместігімен ерекшелінеді. Тамыр
соғу саны жаңа туған балада бір минутта 140-160 рет болып келеді.
6 айда -«- 130-135 рет
1 жаста -«- 120 -«-
5 жаста -«- 100 -«-
8 жаста -«- 100 -«-
10 жаста -«- 85 -«-
12 жаста -«- 80 -«-
Физиологиялық тахикардия
(жүрек соғысының физиологиялық үдеуі) зат
алмасудың қарқындылығына байланысты.
208


Артериялық қысым
– қанның ағысының артерия қабырғасының ішкі бетіне және
қанның алдыңғы бағанасына көрсететін қысымы.
Артериялық қысым артерия жүйесіндегі қанның ағысына, қан тамырларының
серпінділігіне, қанның құрамына және көптеген әсерлерге байланысты. Диастола және
систола қысымы болып екі түрге бөлінеді.
Систола қысымы
– систоладан кейін болатын қысым, яғни пульс толқынының ең
биік кезінде байқалатын қысым.
Диастола қысымы
– диастола кезіндегі қысым. Бұл пульс толқынының қайтқан
(төмен түскен) кезінде болатын қысымы. Артериялық қысым жас өскен сайын өседі.
Әсіресе, систола және диастола қысымы өсуге бейім болады. Жаңа туған балада систола-
лық қысымы сынап бағанасы бойынша – 50-58 мм-ге, 1 жасқа таман – 90 мм-ге теңеледі.
Молчанов формуласы:
жоғарғы (максимальды) артериялық қысым = 90+2n.
Төменгі (минимальді) қысым = жоғары қысымның 1/2 бөлігі + (5–10). Бұл орташа
көрсеткіштер.
Жоғарғы шектік көрсеткіш систолалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет