Егер бала бұрынғы уақыттарда осы жүрек-тамыр ауруы туралы тексеруден өтсе,
науқас тарихының көшірмелерін, анықтамаларын, ата-аналарының қолдарындағы бүкіл
ақпараттық қағаздарын анықтап, талдау керек.
Туысқандарында, әулетіндегі басқа балаларда жүрек-тамыр ауруларының бар-жоғын,
туысқандардың өлу себебін анықтау қажет.
ҚАРАУ.
Науқасты тексеру кезінде баланың төсектегі жатқан қалпына көңіл аудару
керек. Жүрек-қан тамыр жарамсыздығының қатқыл жағдайларында, бастапқы қалпында
тұншығу ұстамасы пайда болатындықтан, науқастар басының, кеудесінің астына көп
жастық салып тікесінен отырады. Өте ауыр жарамсыздығында науқастар басының астына
жастық салып, аяғын керуеттен түсіріп, салбыратып жіберіп, шалқайып отырады.
Ылғалды перикардиттерде, кейде, науқастар екі бүктеліп немесе ішіне жастықты қысып,
басып отырады.
Ауру балалардың дене дамуын бағалау өте маңызды. Баланың бойы өз жасынан
қалыс болуы әркашанда баланың, көптен, ерте жасынан ауру болғанын көрсетеді. Бала
денесінің жоғары және төменгі жартылығы тепе-теңдіксіз дамыса, әсіресе, баланың
төменгі жағы дұрыс дамымай, ал жоғарғы бөлігі (қолы, иығы) өте жақсы дамыған болса,
аортаның құрылысының (коарктация) өзгеруі туралы ойлау керек.
Тері мен көзге түсетін кілегей қабықтардың түсіне көңіл аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: