Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет224/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ФУНКЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Асқазанның сөліністік қызметін тексеру. Зондтау әдісі.
Қарынды зонд енгізу
арқылы фракциялық тексеру: Қарынның жұмыс жағдайын зерттеу үшін жіңішке зонд
(диаметрі 3-5 мм, ұзындыгы 1-1,5
 
м) қолдану арқылы фракциялық тексеру жиі қолданы-
лады. Емшек жасындағы балаларға зондты жатқан күйінде енгізіледі. Фракциялық тексеру
ертеңгісін аш қарынға, тыныштық жағдайда жасалады. Бұл мезгілде қарын сөлінің
бөлінуіне теріс әсер ететінін факторлардың (тамақ иісі, тамақ туралы әңгіме, оны қорыту,
қол жұмсау және т.б.) әсерінен сақтау керек. Осы көзқарасқа байланысты зондтамастан
24–48 сағат бұрын қарынның сөлінің шығуына әртүрлі әсерін тигізетін барлық дәрі-
дәрмектерді беру толық тоқтатылады.
Су ішу зондтау алдында 8 сағат бұрын, тамақ ішу 12-14 сағат бұрын тоқтатылуы
керек. Тексеру алдында қышқыл, ащы, өткір, құнарсыз қиын қортылатын тамақтар
берілмейді.
Қарынды фракциялық тексеру. 
Жіңішке зонд (диаметрі 3-5 мм, ұзындығы 1-1,5 м)
тұйық бітеді, ал жанында 2 тесігі болады. Бас шетіне қарын ішіндегі сұйықтықты сорып
алу үшін 20 грамдық шприц кигізіледі.
Зондтың енгізілетін ұзындығы баланың жасына байланысты. Ол үшін баланың
төменгі тісінің деңгейінен кіндік сақинасына дейін өлшеп, белгі жасап қояды. Баланы
орындыққа отырғызып, алдына клеенка жабады, ауызын кең ашып терең дем алады.
Мейірбике зондты баланың тілінің үстіне салып, жәйлап жұтуын өтінеді. Бір-екі
жұтынғаннан кейін, зонд өзінің салмағымен кете береді (қажет болса мейірбике сәл итеріп
көмектеседі). Бала зондты жұтып болғаннан соң шприцпен қарын ішіндегі бар
сұйықтыкты сорып алып, бөлек ыдысқа құйып қойылады (сол сияқты болашақта
алынатын қарын сөлінің әрқайсысы бөлек шыны ыдысқа құйылады)

Содан соң, бір сағат
бойы 15 минут сайын 4 рет қарын сөлін сорғызып алады. Бұл бір сағат бойы алынған
қарын сөлі базальдық
сөлініс
деп аталады. Содан соң зонд арқылы қарын сөлін
қоздыратын түрлі ертінділер (ет сорпасы немесе 7%-дық капуста қайнатпасын жібереді).
10 және 25 минуттан соң екі рет қарын ішіндегі сұйықтықты сорып шығарып алады. Одан
әрі бір сағат бойы, 15 минут сайын, 4 рет қарын сөлін сорып алады. Бұл 4 рет алынған
қарын сөлі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет