Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


және моноциттер қосындысы



Pdf көрінісі
бет232/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

 
және моноциттер қосындысы
 
10% тең болады.
Нейтофильдер мен лимфоциттер 90% құрайды. Туылған мерзімде
 
нейтрофильдер – 65 %,
лимфоциттер – 25 %. Содан кейін, нейтрофильдер саны тез төмендейді де, лимфоциттер
саны көбейеді 
(84 сурет). 
5 - 6-шы күні пайыздық көрсеткіштері теңеседі.
Бұндай теңесу
«бірінші физиологиялық қиылысу»
деп аталады. Одан әрі
нейтрофильдер саны азайып, лимфоциттер саны арыта түседі. Сәби бір айға толғанда
нейтрофильдердің пайыздық саны орта есеппен 25, лимфоциттер 65-тен болады. Содан
кейін нейтрофильдер саны арытып, лимфоциттер саны төмендейді
.
84 сурет.
 
Нейтрофильдер және лимфоциттер қисығының бірінші және екінші
физиологиялық қиылыстары.
Бала бір жасқа толғанда, орта есеппен, нейтрофильдер 33%, лимфоциттер 57%
болады. Содан соң, әр жыл сайын нейтрофильдер 3% арытып, лимфоциттер 3% кеми
отырып, 5-6 жаста тағы теңеседі. Бұл 
«екінші физиологиялық қиылысу».
Одан кейін нейтрофильдер саны жыл сайын 2% көбейеді де, лимфоциттер саны 2%
азаяды.
Нейтрофильдер өз құрамы бойынша да бөлінеді. Жаңа туылған балада жас түрі 2-4%,
таяқша тәріздес ядролы 8-10%, кейде 30% дейін жетеді. Бір жасқа дейінгі балаларда жас
нейтрофильдер 1-2 %, таяқша тәріздес 4-6%. Бір жастан кейін таяқша тәріздес 4% дейін
болады. Қалған нейтрофильдер сегментті ядролы болады.
ТРОМБОЦИТОПОЭЗ
Қан пластинкаларының немесе тромбоциттердің қан ұю процесінде атқарар маңызы
үлкен. Тромбоциттер саны дені сау балаларда негізінде бір қалыпты болып келеді.
Қалыпты жағдайда 1 мл қанда 100000 - 400000 (100 - 400 х 10
9
/л) орта есеппен 200 -
300000 (200 - 300 х 10
9
/л) болады. Туылғаннан кейін, бірінші аптада тромбоциттер саны
108 - 300 х 10
9
/л дейін төмендейді, содан соң екінші аптаның соңынан бастап қайтадан
ересек балалардағы мөлшеріне дейін көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет