БАУЫРДЫ ЗЕРТТЕУ ҚАРАУ. Аурудың хал-жағдайын, көңіл күйін, төсектегі қалпын, ес-түсін, дене бітімен
анықтау керек. Аурудың хал-жағдайын бағалаудың ерекшелігі тері қабатының сарғаюына
көңіл бөлу болып табылады. Балалардың тері қабатының сарғайғаны сыртқы (экзогендік)
және ішкі (эндогендік) себептерге байланысты болуы мүмкін.
Экзогендік сарғаю балалар құрамында бояушы заттарды бар тамақтарды (сәбіз,
цитрус жемістері, томат) көп мөлшерде немесе кейбір дәрілерді (акрихин) қабылдағаннан
пайда болады. Экзогендік сарғаюды сұрастыру және қарау арқылы анықтау керек.
Экзогенді сарғаюда балалардың көзге көрінетін кілегей қабықтарынан түсі және көздің ақ
қабығы өзгермейді.
Науқас балалардың алақандары (тенор, гипотенор аймағы) және табаны қызаруы
мүмкін. Қолдарында, мойнында, бетінде, арқасында, ауыз қуысының кілегей қабығында,
мұрын-жұтқыншақ аймағында, көздің бұрышында телангиоэктазия (артерияның
жұлдызша немесе бүйе тәріздес кеңеюі) байқалады.
Бауыр пальпациясы. Ерте жастағы балалардың бауыры, үлкендермен салыстырған-
да, үлкен болып келеді. Соған байланысты бауыр жеңіл пальпацияланады. 5-7 жасқа
дейінгі балалардың бауыры оң сүбе қабырға астынан, орта сызық бойынша 1-2 см шығып
тұрады. Терең демалу кезінде бауырдың төменгі кенересі ересек балаларда да
пальпацияланады.
Бауырдың төменгі қырының орналасқан жерін болжау үшін Н. Д. Стражеско ұсынған
көмекші әдіс қолданылады. Ауру ішектерді пальпациялаған түріндей шалқасынан,
аяқтарын сәл бүгіп, басының астындағы жастықты алып тастап, кеудесімен бір деңгейде,
ішінің бұлшық еттері босайтындай етіп жатады. Оң қолының төрт саусағын оң сүбе
қабырға астына салып, сәл басып, төмен жылжиды. Осылай бауырдың барлық бетін
пальпациялап шығады. Бұл, кейде «жылжымалы» пальпация деп аталатын тәсіл, көбіне
ерте жастағы балаларда қолданылады.
Бауырды В. П. Образцов бойынша немесе «қалта» жасау әдісімен пальпациялайды
Оң қолды іштің оң жақ бөлігіне, кіндік деңгейінен төмен, бұғана ортасы сызығына екінші
және ортаңғы саусақтар іштің тіке бұлшық етінің сыртқы қырынан сәл сыртқарырақ
жататындай етіп алады
(80 сурет). Сол қолын, алақаны кеуде қуысын артынан, бас бармақ оң қабырға доғасын
бүйірінен және алдынан, қысып ұстайтындай етіп, оң қабырға астына салады.
Ортаңғы саусағын сәл бүгіп, қолының ұшын тегістейді. Содан соң теріні сәл төмен
ығыстырып «қалта» тәріздес қуыс жасайды да, қолын терең басып, тыныс шығару кезінде
тереңдетіп, ілгері және жоғары қарай ығыстыра түседі. Бауырдың қыры қолдың ұшына
тигенде,
оның қасиеттерін бағалайды. Пальпация
кезінде бауыр қырының орналасқан жерін,
мөлшерін, қырын (үшкір, доғал), тығыздығын,
бетінің тегістігін,
сезімталдығын (ауыратынды-
ғын), серпінділігін анықтау керек. Қалыпты
239
жағдайда бауыр қыры үшкір, жұмсақ, серпінді, беті тегіс болады. 7 жастан асқан
балаларда өт қабы оң тіке бұлшық етінің сыртқы қырының қабырға доғасымен (бауырдың
төменгі кенере-сімен) қиылысқан жерінде және одан сыртқарақ, әсіресе бала шалқасынан
жатқанда, орналасады.
80 сурет. Бауырды пальпациялау әдісі Кейде кіндікпен қолтық астының шұңқырының ұшын ойша сызықпен қосып, сол
сызықтың қабырға доғасымен қиылысқан жерінде өт қабының түбі орналасады деп
есептейді.