(немесе) пайда болуы туралы – төтенше
жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған
жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп
көрінген адамдар туралы
мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер
органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.
34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін
тізбеге
сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар
профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық
қызметтер көрсетуді
қамтиды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың
жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын
амбулаториялық-емханалық көмек;
3
) уәкілетті орган айқындайтын
ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарла-
натын саны (шекті көлемі) шеңберінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек
маманының немесе медициналық
ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары
бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық
көмек;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек
маманының немесе медициналық
ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6)
Достарыңызбен бөлісу: