Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)



Pdf көрінісі
бет31/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)
1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия,
рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.
2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина
саласындағы қызметке құқығы бар.
3. Халық медицинасы (емшілік) – халық жинақтаған емшілік құралдар туралы,
сондай-ақ емдеу және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау,
аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін практикада қолдану туралы эмпирикалық
мәліметтердің жиынтығы. 
4. Жеке тұлғалардың халық медицинасы (емшілік) әдістерін пайдалануы уәкілетті
орган аккредиттеген денсаулық сақтау ұйымдары беретін сертификат негізінде жүзеге
асырылады. Осы сертификатты алған жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының емшілер
тізіліміне енгізілуге жатады. 
Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері
тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін
 уәкілетті орган бекітеді. 
5. Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын
пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады.
55-бап. Зертханалық диагностика
1. Зертханалық диагностика – аурудың (жай-күйдің) болу немесе болмау фактісін
пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға
бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені.
2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының
және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені,
сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің 
көлемі мен түрлерін
 уәкілетті орган белгілейді.
56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика
1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау
барысында мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық
операция және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының


фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз
қою мақсатында жүргізіледі және ол тікелей тексеріп-қараудың (макроскопиялық
зерттеулердің), үлкейткіш аспаптарды (микроскопиялық зерттеулер), өзге де
технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердің нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық-
анатомиялық салыстыруларға негізделеді.
2. Патологиялық-анатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және
аурудың диагнозын нақтылау мақсатында жүргізіледі.
Ана және сәби өлімі, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болу
жағдайларын қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған және
жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші
не осы адамның тірі кезінде берген жазбаша ырық білдіруі болған кезде, мәйітті
патологиялық-анатомиялық ашып қарау жүргізілместен, өлімнің болу фактісін
куәландыратын уәкілетті орган бекіткен нысандағы құжатты бере отырып, беруге рұқсат
етіледі.
Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе
заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз
сарапшы (сарапшылар) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін. 
3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет