Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері



Pdf көрінісі
бет20/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:
1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресми-
лендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;
2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды
кеңінен пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген
электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен
ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға
еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық
ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;
5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен
құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің
персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне
негізделеді.


28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын
қамтамасыз ету
1. Денсаулық сақтаудың жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді
қамтитын электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуі мен пайдаланылуы
оларды жинау мақсатымен шектелетін құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына
жатады. 
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың
(пациенттердің) денсаулық жағдайы туралы мәлімет беру жеке тұлғаның (пациенттің)
келісімімен жүзеге асырылады.
3. Персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық
ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды
жария етуден қорғау (құпиялылықты сақтау) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Мұндай міндет персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық
ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жібергенге не дерексіздендіргенге дейін
немесе осы деректер өзіне тиесілі адамнан оларды жария етуге келісім алынғанға дейін
сақталады. 
4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді
қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян
келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен
бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді. 
5. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді
қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдың қолжетімділігі
жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатымен ғана шектелуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет