Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет230/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.5.7. ҚАН ЖҮЙЕСІ
И.А. Кассирскийдің анықтамасы бойынша қан жүйесі деген ұғым қанның өзін, қан
жасалу мүшелерін және қан бұзылу мүшелерін қамтиды. Бұл, автономды емес, біріккен,
организммен тығыз байланысты барлық жүйелердің нервті-гуморальдық және
эндокриндік факторлардың күрделі әсеріне бағынышты болып келетін жүйе. Қан,
қозғалғыш ткань болғандықтан, оның қан клеткалары мен плазма арқылы зат алмасу
процессіне қатысуын қамтамасыз етеді. Қан жасалу, айналымы және қан бұзылу процессі
жан-жақты, физиологиялық механизмі дәл анықталмаған құбылыс.
Қан жүйесін төмендегідей бөлімдерге бөледі. 
1. Қан жасалу қан клеткаларының полиферациясы және олардың жіктелуі. 
2. Эритроциттердің, лейкоциттердің және тромбоциттердің қан айналымына түсуі. 
3. Қан клеткаларының организмдегі айналымы және олардың организмінің зат
алмасу қызметіне қатынасуы. 
4. Қанның
 
бұзылуы.
Адамдағы қан жасалу процессін зерттеу төрт ғасыр бұрын басталғанына қарамастан,
тек XIX ғасырдың аяғында ғана бірінші ғылыми болжам — қан жасалу клеткаларының
шығу тегі туралы теория құрылды.
Қан жасалу адам ұрығында, өте ерте, ұрықтық кезеңінің 2-3 аптасының аяғында
басталады. Тамырлар және қан элементтері мезенхимадан дамиды. Алғашқыда сары уыз
қапшығында (ұрықтық дененің сыртында), кейін дене мезенхимасынан дамиды.
ҚАН ЖАСАЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
I-кезең. Ерте ангиобластикалық кезең. 
Бұл кезеңде барлық мезенхима және тамыр
қабырғалары қан жасауға қатысады. Мезенхималық клеткадан алғашқы клетка пайда
болады. Одан митоз арқылы бөліну нәтижесінде эритробластар, мегалоциттерге
айналатын, І-реттегі мегалобластар пайда болады.
II-кезең. Бауырлық (экстрамедулярлы) қан жасалу.
Ұрықтық өмірдің бесінші
аптасында 12 елі ішектің дивертикулынан (қойнауынан) бауыр дами бастайды. 5-6 аптада
бауырда (тамырлары мен мезенхимасында) қан клеткалары пайда болады. Мезенхимада
қанның қызыл және ақ клеткалары, ал тамыр ішінде тек қана қызыл клеткалар пайда бола
бастайды деп есептелінеді. Ұрықтық өмірдің үшінші айының аяқ шенінде,
гастромукопретеин шығаратын қарын түбінің қосымша клеткалары қызмет жасай
бастағанда, қан жасалудың мегобластикалық түрі нормобластикалық болып ауысады.
Бауырда эритроциттермен қатар, түйіршікті лейкоциттер жасалады. Алғашқыда,
мелоциттер сатысынан аттап өтіп, бірден әртүрлі (полиморфты) ядролы нейтрофильдер
пайда болады. Бауырда қан жасалу 20-шы аптаға дейін жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет