Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАНДАҒЫ ЖӘНЕ ЗӘРДЕГІ ФЕРМЕНТТЕРІН АНЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет228/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАНДАҒЫ ЖӘНЕ ЗӘРДЕГІ ФЕРМЕНТТЕРІН АНЫҚТАУ
Ұйқы безінде түзілетін ферменттер, оның сөлінің құрамында ішекке келіп, қуыстық
тамақ қортуға қатысады. Ал, асқазан бөлігі ғана қанға, зәрге өтеді. Ұйқы безінің
ауруларында осы ферменттердің қанға өту мөлшері арытады. Осы арыту мөлшерлері ұйқы
безінің ауруларын анықтауға қолданылады.
Қалыпты жағдай қандағы амилаза (диастаза) активтілігі 8-32 бірлік, зәрде 16-32
бірлік. Гиперамилаземия жедел панкреатитте (5-10 есе арытады), кейде паротитте, сілекей
бездерінде тас байқалғанда болады. Созылмалы панкреатиттің өршу сатысында орташа
дәрежеде амилазанын арытқаны анықталады. Сонымен қатар, ішектен сорылуының
немесе нәжіспен бөлінуінің бұзылуынан асқазан жарасында, илиетте, перитонитте
амилазаның активтілігінің арытқанын байқауға болады.
Қандағы липаза негізінен ұйкы безінен келіп түседі. Қалыпты жағдайда қандағы
липаза активтілігі 0,5-1,5 бірлік деңгейінде болады. Гиперлипаземия, әдетте, ұйқы безінің
ауруларында байқалады. Жедел панкреатитте тез арада 10-15 есе арытады, да қалыптасуы
жүреді. Трипсин активтілігі Эрлангер әдісі бойынша 2,58±0,25 мг/мл.
Корпрологиялык зерттеулер.
Нәжісті зерттеудің де ішек-қарын жолдарының
ауруларын анықтауда алатын орны үлкен. Нәжісті копрологиялық зерттеу жалпы қарау,
микроскопиялық, химиялық, бактериологиялық тексерулерді қамтиды. Қарап, нәжістің
түсін, иісін, консистенциясын, құрамында көзге түсетін басқа заттарды анықтайды. Бұл
көрсеткіштер баланың жасына, тамақтану түріне, қандай тағамдармен
тамақтанатындығына байланысты болады.
Микроскопия жасағанда, бір көру аймағында эритроциттер, лейкоциттер, ет
талшықтарының санын анықтайды. Құрттар жұмыртқасына тексергенде, нәжістің кішкене
бөлігін шыныға жағып, дистилляцияланған судың немесе глицериннің бір тамшысын
тамызып, жабқыш шынымен жауып, микроскопия жасайды. Крахмал дәндерін анықтау
үшін Люголь ертіндісімен, майды анықтау үшін судан III реактивімен бояйды.
Химиялық зерттеу әдістерін нәжістегі жасырын қанды (бензидин сынамасы), өт
пигменттерін, ферменттерді анықтау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет