Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ НЕСЕП ШЫҒАРУ МҮШЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет239/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.5.8. НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ НЕСЕП ШЫҒАРУ МҮШЕЛЕРІ
Несеп мүшелеріне бөтеке (бүйрек) және оның шумақтары, өзекшелер, юкостогломе-
рулярлы аппараттар, тубекшелер мен табақшалар, несеп жолы, куық, үрпі каналы, қан
және лимфа жүйелері және тағы басқалар жатады.
Бала дүниеге келер кезде оның қозғалуы және ротациясы аяқталып болмайды.
Бүйректің жоғары көтерілуі, оның ротациясы несеп жолының ұзаруына, іш қуысының
қысымына, эмбрионның доғасының түзілуіне байланысты. Несеп мүшелерінің туа біткен
ақаулары 35-40% жағдайда кездеседі. Бүйрек ретроперитониальды көңістіктің жоғары
белігінде орнала-сады. Жаңа туған сәбидің бүйрегінің ұзындығы 4-4,5 см, ені 2,5-2,7 см,
жуандығы 2 -2,3 см. 1 жасқа таман оның аумағы екі есе, 13-15 жастағы балада – 7 есе
үлкейеді. Алғашқы 1,5 жылда бүйрек тез өседі. Бірақ, бұл кезде дененің өсуі бүйректің
өсуінен бірнеше есе тез жүреді
.
Балаларда бүйрек бөліктерден тұрады, қыртысының қабаты нашар жетілген.
Тканның өзі нәзік, дәнекер ткандық қабаты әлсіз дамыған. Жаңа туылған балаларда бүйрек
шумақтары тығыз орналасқан. Бір шаршы метр аумағында жаңа туылған балаларда – 50,
7-8 айлық сәбиде – 18-20, ересек адамдарда – 7-8 шумақ орналасады.
Бүйрек маңы майы жаңа туған бала мен жас сәбилерде нашар жетілген. Ол 8-9 жаста,
яғни тері асты шел майы азаятын кезеңде, үлкейеді.
Үлкен кісілермен салыстырғанда, сәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық
проекциялары басқаша болады: оның төменгі полюсі жамбас сүйегінің жотасына жетеді,
ал жоғарғысы – алғашқы жылы өзінің шекараларын біраз өзгертіп отырады. Мысалы,
жаңа туған балада сол жақта XI төс омыртқасының төменгі жиегінің тұсы, оң жақта осы
омыртқаның жартысынан жоғары, 3-5 айдағы балада сол жақта XII кеуде омыртқасының
ортасында, 2 жастағы балада үлкендердің бүйрегінің жоғарғы полюсінің шекараларында
орналасады. Жас сәбилердің бүйрегінің құрылысынан оның жеткіліксіз дамығаны айқын
көрінеді: 2-3 жасқа келгенде бүйректің жоғалатын бөліктерінен тұруы. 12 айға дейін
жоғарғы және төменгі полюстері жақын болып келеді, сондықтан қолмен қараған кезде
бүйрек дөңгелек мүше сияқты болып білінеді. 1 жастан кейін бүйрек орнығып, бұршақ
тәріздес болып өзгереді.
Бүйрек қозғалғыш болады, ол тыныс алуға, дененің бір қалыптан екінші қалыпқа
ауысып, өзгеруіне байланысты болады. Максимальды тыныс алған сатыда, көк еттің
көтерілуімен қоса, бүйректе іш пердесінің артқы кеңістігінде жоғары көтеріліп, ығысады.
Тыныс шығарған кезде екі бүйрек те, сәбилерде 1 см-ге, ересек балаларда 2 см-ге, төмен
түседі.
Бүйректің дұрыс қозғалуын бел омыртқаларының биіктігіне қандай қарым-қатынаста
екендігіне байланысты анықтайды. Қалыпты жағдайда бүйрек 1 бел омыртқаның
биіктігіндей ұзындыққа жылжиды. 3 жасқа дейінгі балалардың, бүйрек маңы майы аз
болғандықтан, ол шамадан тыс көбірек жылжиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет