Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
Лимфа түйіндерінің үлкею синдромы. Лимфа түйіндері әртүрлі инфекцияда, қан
ауруларында, ісікте және т.б. ауруларда үлкееді.
Лимфа түйінінің бір тобының (регионарлы) жедел үлкеюі, үстіндегі терінің
жергілікті реакциясымен (гиперемия, ісік), ауырсынуы стафило- және стрептококкты
инфекцияда (пиодермия, фурункулез, баспа, отит, жараның инфекциялануы, экзема,
гингивит, стоматит және т. б.) байқалады. Шүйденің, мойынның артқы бетінің, бадамша
және лимфа түйіндерінің үлкеюі – ұшпада, жәншауда (скарлатина), инфекциялық
мононуклеозда, жедел респираторлы инфекцияда байқалады.
Лимфа түйіндерінің жайылып үлкеюі диссеминацияланған туберкулезде байқалады.
Тағы бір созылмалы инфекциялық ауру сарыпта (бруцеллез), лимфа түйіндері орман
жанғағындай үлкейіп, аздап ауыратын болады. Сонымен қатар, талақтың үлкейгені
байқалады.
Лимфа түйіндерінің үлкеюі инфекциялы-аллергиялық науқастарда байқалуы мүмкін.
Висслер-Фанкони аллергиялық сепсисі диффузды микрополиаденопатиямен сипатталады.
Лимфа түйіндерінің көрнекті үлкеюі қан ауруларында байқалады. Көбіне-көп,
лейкозда лимфа түйіндерінің жайылып үлкеюі байқалады. Олар ертерек мойын аймағында
жақсы білінеді. Мөлшері, әдетте, үлкен емес, орман жаңғағындай болады. Дегенмен, ісікті
түрлерінде мөлшері әжептәуір болуы мүмкін. Бұл түрлерінде мойын, көкірек қуысындағы
лимфа түйіндері пакет құрауы мүмкін
(87 сурет). Созылмалы миелолейкоз балаларда сирек кездеседі, лимфа түйіндері үлкейеді, бірақ
айтарлықтай болмайды.
Лимфа түйіндері көбіне ісік процессінің, алғашқы ісіктің немесе олардағы
метастаздың орталығы болады.
Лимфасаркомада үлкейген лимфа түйіндері көзге көрінеді немесе сипалағанда,
(пальпациялағанда) айналасындағы тканьдармен бірігіп өскендіктен, қозғалмайтын және
басылу белгілерін (ісік, тромбоз, салдық) беретін, үлкенді-кішілі ісікті дене ретінде
байқалады.
87 сурет . Лимфогранулематозда мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі. Лимфа түйіндерінің үлкеюі лимфогранулематоздың негізгі белгісі болып
есептелінеді: конгломерат, пакет сияқты болып мойын және бұғана асты лимфа түйіндері
үлкейеді. Олар алғашқыда қозғалып тұрады, айналасындағы тканьдармен бірікпеген
болып келеді. Ал, кейінірек бір-бірімен, айналасындағы тканьдармен бірігіп, қатайып,
ауырмайтын немесе сәл ғана ауыратын болады. Пунктатта немесе гистологиялық
препаратта Березовский-Штернберг клеткаларының болуы тән.
256
Лимфа түйіндерінің үлкеюі хлоромада, көбейген миеломада, ретикулосаркомада
байқалуы мүмкін. Регионарлы лимфа түйіндерінде залалды ісіктерде жиі метастаздар
байқалады.
Шеткі лимфа түйіндерінің үлкею синдромы «X» ретикулогистиостозда (Летрер-Зиде,
Хенд-Шюллер-Христиан аурулары) байқалуы мүмкін. Бұл синдромда мойын, қолтық
немесе шаптардың лимфа түйіндері үлкеюі байқалады.