Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАРДЫҢ ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет251/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.5.9. БАЛАЛАРДЫҢ ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІ
Бала дүниеге келген соң, алғашқы күндері оның анасынан алған гормондардың
қасиеттері жойылмайды (тироксин, кортикостероидтар), сондықтан жаңа туылған
нәрестелердің эндокрин бездерінің қызметін зерттеген жағдайларда, олардың эндокрин
жүйесінің патологияларын анықтап ажырату қиынға түседі. Яғни, анасынан түскен гормон
қоры біткен кезде ғана, сәбилердің эндокрин бездерінің әртүрлі ауруларының белгілері
анық біліне бастайды.
Үлкен адамдардан айырмашылығы, эндокринді аурулармен ауыратын балаларды
тексергенде, негізінен баланың соматикалық және жыныстық дамуының қалыпты
жағдайдан ауытқуына көңіл бөлінеді, себебі, эндокринді ауытқулар өсіп келе жатқан жас
организмді қайта түзілмейтіндей өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұндай науқастарды
тексергенде, лабораториялық және арнайы тексерулерге сүйену қажет.
Отбасылық анамнезін зерттеу. 
Ата-анасында әртүрлі аномалиялық өзгерістер бар-
жоғын анықтау өте қажет. Сонымен қатар, баланың ата-анасының, тума-туыстарында қант
диабеті, семірудің әртүрлі түрлері немесе керісінше, шамадан тыс жүдеу, гигантизм,
ергежейлі сияқты эндокрин аурулары туралы мәлімет алу керек. Ата-анасының жемсау
(зоб) эпидемиясы бар аймақтарда тұратындығын анықтау да өте маңызды. Ата-анасының
жыныстық дамуының қалай өткендігін, әсіресе, анасының етеккірі, жүктілігі, т.б. қалай
өткендігін білу керек.
Науқастың ауру тарихын зерттеу.
Науқастың ауру тарихы толық болуы керек.
Әсіресе, аурудың басталуы мен жаңа басталып келе жатқан кездегі алғашқы ауытқуларға
көңіл бөліп, туысқандарынан, ата-анасынан аурудың себептерін білуге тырысу керек.
Эндокринді аурудың себептері болып жұқпалы аурулар, психикалық зақымдалу немесе
266


дененің зақымдануы, тамақтану тәртібінің өзгеруі, пубертатты кезеңінің басталуы,
тұрақты тұрған жерін өзгертуі т. б. есептелінеді. Жүктілік кезінде әйелдің түсік тастауы
үшін дәрі-дәрмектер қолданған, қолданбағанын анықтау керек. Әйелдің қалай босанғаны,
босанғаннан кейінгі кезеңдердің қалай өткендігі (асқынуы), нәрестенің қандай салмақпен
және дене ұзындығымен туылғандығы, 1 жасқа дейінгі қалай тамақтанғандығы, баланың
бойымен дене салмағының қаншалықты өсіп отырғандығы, қосымша және үстеме
тамақтар қай уақыттан бастап берілгені, тістерінің шыққан мезгілдері және статикалық
функцияларының дамуы жөнінде мәліметтер жинастыру қажет.
Объективті тексеру барысында дененің салмағы мен ұзындығын, бастың аумағын
және пішінін, денесінің пропорциясын, бет әлпетін анықтайды. Терінің жағдайына, яғни
оның құрғақтығына немесе шамадан тыс ылғалдығына, пигменттшуіне, керілу
жолақтарына, әртүрлі іріңді жараларға, безеуге, шаштың сипаттамаларына, оның қай
кезден бастап пайда бола бастағандығына назар аудару керек.
Тері асты шел майын қарағанда, майдың денеге біркелкі жайылуына көңіл бөлінеді.
Себебі, көптеген эндокринді аурулар, семірумен қатар, жүдеуі мүмкін. Шел майының
неғұрлым көп жинақталған жеріне, яғни бетке, денеге немесе аяққа көңіл бөлу керек.
Жүрек-тамыр жүйесін тексергенде, төменгі және жоғарғы қан қысымына аса көңіл бөлу
керек. Лимфатикалық жүйені мұқият тексеріп, тыныс мүшелеріне, жүйке жүйесіне, ас
қорыту жүйесіне, оның ішінде, әсіресе, бауырға назар аудару қажет.
Жыныс мүшелерін тексергенде, ер балалардың аталық ұрық бездеріне (аумағын,
тығыздығын, ұмада екі бездің де бар-жоғын анықтау), ұманың пигментін, жыныс мүшесін
(көлемін, жасына сәйкестігін), сүт безін (гинекомастия), екінші шаштануын және
дауыстың өзгеру мерзімін анықтау қажет. Қыз балалардың сүт безін, клиторын (үлкеюін),
үлкен және кіші жыныс «еріндерін» тексеріп, екінші шаштануын, етеккірдің алғашқы
келген уақытын білу керек.
Кейбір аурулар гинекологтың (жатыр және аналық бездерін ректальды тексеру үшін),
урологтың қосымша қарауын қажет етеді. Рентген сәулесімен тексеруде өте маңызды
болып есептелінеді.
Дененің ұзындығы мен салмағын бағалау үшін перцинтильді графикті стандарттар
қолданылады.
Сүйектік жас білезік сүйектерінің рентгенограммасында 4 – 6 айдан асқан
балалардан бастап анықталады. Қыз балаларда бұл құбылыс тез, әсіресе, жыныстық даму
кезеңінде, ер балаларға қарағанда, 2 есе шапшаң жүреді.
Сәбилердің 1-ші жылында (3 айлығынан бастап) білезік сүйектерінде
оs hатаtит,
саріtит
пайда болады, 3-жылы
os triguеtrum,
4-6 жылда 
lипаtит,
5-7 жылы os 
паvісиlаrе
және 10-13 жылы
os рisiforтe
пайда болады. 2 жаста кәрі жіліктің дистальды
эпифизындағы ядроны көруге болады, 3 жастағы балада, алақан сүйегі мен басындағы
және тоқпан жіліктің төмпешігіндегі ядроны, 5-8 жастағы балада кәрі жіліктің басындағы
және шынтақ сүйегінің төменгі шетіндегі ядроларды анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет