Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет248/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Амбурже сынамасы.
1 минутте бөлінетін несептегі қан түйіршіктерінің саны.
Лейкоциттер – 2 мыңға дейін, эритроциттер – 750-ге дейін болады. 1 сағатта лейкоциттер
120 мыңға дейін, эритроциттер 45 мыңға дейін болады.
Қанның (эритроциттердің) зәрде пайда болуы – 
гематурия
деп аталады.
Макрогематурияда
қанды микроскопсыз көруге болады. Микрогематурияда
263


эритроциттер микроскоп арқылы анықталады. Қыз балаларда 1 көру аймағында әдетте 1-2
эритроцит қалыпты жағдайда болуы мүмкін.
Шамалы гематурияда (микрогематурия)
– бір көру аймағында 5-20 эритроцит
немесе тәулігінде 1 млн- 10 млн деңгейінде эритроцит бөлінетіні анықталады.
Орташа гематурияда
тәулігіне 10-40 млн немесе бір көру аймағында 20-30
эритроцит анықталады, ал одан артық болса – айқын гематурия болады.
Тәуліктік несепте 100 млн немесе одан да көп эритроциттер болуы көзге көрінетін
гематурия немесе 
макрогематурия
болып есептелінеді.
Цилиндрлер
нефронның дистальды бөлігінен шайылып пайда болған цилиндрлі
денелер. Матрикс бойынша цилиндрлер төмендегідей болып жіктеледі:
Гиалинді (ақ)
– цилиндр тәрізді клеткалар айқын протеинурияда көп мөлшерде
кездеседі. Кейде, организмге күш түскенде байқалады. Олар белоктар тұнғанда пайда
болады, аса диагностикалық маңызы жоқ.
Дән тәріздес цилиндрлер – контурлары айқын, бүйрек эпителийінің ыдыраған
клеткаларынан пайда болады және өзекшелердегі физиологиялық, химиялық жағдайлар
өзгеріп, белоктар ұйығында пайда болады.
Балауыз тәрізді цилиндрлер 
– өзекшелерде гиалинді цилиндрлер тоқтап біріккенде,
амилоидозда, кейде әдеттегідей жағдайда кездеседі.
Май тәріздес цилиндрлер
– нефрозды синдромда, тубулярлы эпителий
дегенерациясында кездеседі.
Бактерияурия 
– бактериялар микроскоппен қарағанда көрінеді. Олардың дәл санын
бактериялық зерттеу жүргізіп анықтайды. Ол үшін 1 мл несептегі бактерияның санын
анықтайды. Егер 1 мл несепте 100 000 микробты дене болса – патологиялық маңызды
бактерияурия
болып саналады. Ал, 10 000-нан жоғарыда – бактерияурия деп аталады,
бірақ диагностикалық маңызы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет