Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1-5 г болады. Шамамен 6 айға
дейін ол кішіреюі мүмкін. Сосын бездің салмағы 5-6 жасқа дейін шүғыл өседі, одан кейін
пубертатты кезеңге дейін өсуі баяулап, пубертатты кезеңде қалқанша бездің салмағы да,
өзі де қайтадан тез өсе бастайды.
Жыл сайын бездегі түйіндер мен коллоидтар көбейе береді, цилиндр тәрізді
фолликулды эпителий жоғалып, жалпақ эпителий пайда болады, фолликулалардың саны
көбейеді. Толық гистологиялық жетілу 15 жастан асқан соң ғана жүреді.
Қалқанша бездің негізгі гормондары тироксин мен трийодтиронин (Т
4
- және Т
3
).
Сонымен қатар, бұл кезде тиреокальцитонинде пайда болады. Ол бездің С-клеткаларынан
шығады. Соңғы гормон фосфор кальций алмасуын реттеуде маңызды орын алады. Ол
организмге кальцийді аса көп түсірмейді, себебі, бүйрек шумақтарындағы кальцийдің
реобсорбциясын, кальцийдің іштен сіңірілуін азайтып, кальцийді сүйек тіндерінде көп
ұстап қалып отырады.
Бұл гормондар адаптация, яғни ортаға үйрену, бейімделу құбылыстарына қатысады.
Одан кейін гормондардың деңгейі азая бастайды.
Тироксин мен трийодтиронин бала организіміне өте терең әсер етеді. Дененің өсуі,
тұлғаның жетілуі (сүйектік жас), мидың қалыптасуы мен интеллектің дамуы, тері мен
оның қосалқы ағзаларының дұрыс жетілуі тіндердің оттегіне мұқтаждығының артуы,
тіндердегі көмірсулар мен амин қышқылдардың жұмсалуының жилеуі осы гормондардың
ықпалымен жүреді.
Ұрыққа қалқанша бездің гормондарының жеткіліксіз немесе көп түсуі онша теріс
ықпал өте қоймайды, себебі, анасынан плацентарлық перде арқылы тиреоидты гормондар
(тиреостимулдеушіден басқасы) жақсы өтіп отырады.
А) Гормонның жеткіліксіздігі (гипотиреоз)
жалпы тежелу, енжарлық, адинамия,
тәбеттің нашарлауы, іш қату сияқты белгілермен білінеді. Тері бозарып, қара дақтар пайда
болады, тіннің тургоры нашарлайды, ісініп, қалыңдайды, мұздайды. Тілі жалактанып,
қалыңдайды, қаңқаның дамуы, яғни, дененің өсуі тоқтайды. Мұрын, көз аймағы дұрыс
жетілмейді (мұрынның негізі жалақтанады). Мойын қысқа болып, маңдайы төмендейді,
ерін қалың, шаштар сирек, қатты болады. Туа болған гипотиреоздың (микседема) өзіне тән
емес көптеген белгілері болады: бала артық салмақпен туылады, физиологиялық сар-ғаю
ұзарады, іші үлкейеді, жиі іші қатады, тоңғақ кеш байқалады, сору рефлексі (бейне-лісі)
нашар болады немесе мүлде болмайды, кейде мұрын арқылы дем алуы нашарлайды.
Б)
Гипертиреоз (гормонның көп бөлінуі) тітіркенгіш, мазасыз, гиперкинез,
гипергидроз, тарамыс бейнелістері күшейіп, бала жүдейді, тремор, тахикардия, жемсау
(зоб), көз үлкеюі, Греф белгісі (жоғарғы қабағының төмен түсуінің нашарлауы), көз
қуысының кеңеюі, кірпікті сирек қағу (кірпікті, әдетте, 1-минутта 3-5 рет қағады), жақын
орналасқан затқа қарағанда екі көздің көру жолының бір нүктеде қиылысуы бұзылады
(Мебиус белгісі).
Достарыңызбен бөлісу: