Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет256/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ
Бүйрек үсті бездері үш бұрыш тәрізді, қос мүше. Олар бүйректің жоғарғы
полюстерінің (жиектерінің) үстінде орналасады. Оң жақ бүйрек үсті безі көбіне пирамида
тәріздес болады, ал, сол жақ бүйрек үсті безі, біріншіге қарағанда, шамалы үлкендеу
болып келеді және жарты ай тәріздес болады.
Бұл бездердің салмағы мен көлемі баланың жасына байланысты. Үлкен адамдардың
бүйрек үсті безінің орташа салмағы 13,17 г-ға тең болса, 1 тәуліктік жаңа туған сәбидің –
8,9 г, 1 айда – 6,22 г, 2-12 айда – 3,35 г, 1-5 жаста – 4-6 г, 6-10 жаста – 6,6 гр, 11 жаста – 8,63
гр болады.
Бала 10-12 жасқа толғанда бүйрек безінің қабығы толық қалыптасып бітеді. Әр
жастағы баланың бүйрек безінің функциялық белсенділігінің айтарлықтай өзгешеліктері
болады.
Ерте жастағы, мектепке дейінгі және бастауыш класс оқушыларының тәуліктік бөлі-
нетін 17-оксикортикостероидтарының мөлшері, ересек балалардікімен салыстырғанда,
біраз төмен болады. 7 жасқа дейінгі балаларда 17-дезоксикортикостерон (ОКС) басымырақ
болады.
Гормондардың жеткіліксіздігінен пайда болатын ауруларға
созылмалы
және
жедел
бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі 
жатады. Жедел жетіспеушілігінің негізгі себебі болып
бүйрек безіне қан құйылу немесе жедел ауыр аурулардан кейін оның әлсіреуі және
гормондарға мұқтаждық артқанда оның белсенділігінің жарамауы есептеледі. Бұндай
жағдайда қан қысымы төмендеп, ентікпе пайда болады, тамыр соғысы әлсіз болады, жиі
құсады, іші өтеді, бүкіл бейнелістер қапыл төмендейді. Гиперкалиемия (25-45 ммоль/л-ге
дейін), гипонатриемия, гипохлоремия байқалады. 
ҰЙҚЫ БЕЗІ
Балалар аурулары клиникаларында ұйқы безінің эндокриндік функциясы негізінен
көмірсулар алмасуына әсеріне байланысты зерттеледі. Осыған орай қандағы қант деңгейін
270


анықтау және оның көмірсулармен организмге тағамдық салмақ түсіргенде уақытқа
байланысты өзгеруі негізгі зерттеу тәсілдері болып табылады.
Қан сары суындағы глюкозаның деңгейі және оның тұрақтылығы үнемі өзгеріп
отыратын екі процестің жағдайларын көрсетеді: глюкозаның қанға түсуі және тіндермен
глюкозаның пайдаланылуы.
Глюкоза өмірлік қажеті бар энергетикалық субстрат: ол орталық жүйке жүйесі үшін
жалғыз энергия көзі болып табылады: глюкозаның негізгі қайнар көзі – тағамдық
көмірсулар. Асқазан-ішек жолында абсорбцияланған глюкоза қақпа венасы арқылы
бауырға түседі және онда гликогенді түзуге жұмсалады. Гликоген барлық тіндерде
анықталады, бірақ негізінен, ол бауырда және бұлшықетте қуат қоры ретінде сақталады.
Бауырда гликогеннің мөлшері әр түрлі деңгейде ауытқып отырады және диетаға
байланысты, оның бұлшықеттегі мөлшері адамның физикалық белсенділігімен тікелей
байланысты. Гликоген қорының жұмсалу деңгейіне байланысты, глюкоза сүт қышқылы-
нан, аминқышқылдарынан және басқа қосылыстардан да түзілуі мүмкін. Бұл глюконео-
генез процессі деп аталады. Сонымен, қандағы глюкоза мөлшері өзара байланысты екі
процесске байланысты болады: гликолиз және глюконеогенез процесстеріне. Организмде
глюкоза гомеостазын гормоналды реттеуде негізгі орынды инсулин алады.
Қанда глюкозаның жоғарлауы инсулиннің бөлінуін күшейтеді, төмендеуі – глюкогон
бөлінуін белсендіріп, гликогеннің глюкозаға айналуын тудырады. Мұндай механизм
қалыпты жағдайда қанда глюкоза концентрациясының тұрақтылығын ұстап тұрады. 
Қант диабеті кезінде инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жетіспеушілігі
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет