Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖЫНЫС БЕЗДЕРІ, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ



Pdf көрінісі
бет257/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.5.10. ЖЫНЫС БЕЗДЕРІ, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ
Жыныс бездерінің эндокринді және эксреторлық қасиеті бар. Эндокринді қасиетінің
баланың өсуі мен дамуы үшін маңызы зор. Жыныс гормондары, сонымен қатар,
анаболиктік ықпал етеді дәне белок алмасуын реттеп, сүйек жүйесінің қалыптасуы мен
гемопоэзді реттейді.
Жыныс фенотипінің қалыптасу құбылысы баланың өсіп даму кезеңдерінің бәрінде
бірдей жүріп отырады. Дегенмен, екі кезеңде, яғни ұрықтың құрсақтағы дамуының 4 ай
шамасында және жыныстық жетілу кезеңінде (қыз балаларда 2-3 жыл бойына, ер
балаларда 4-5 жылдай ішінде), бұл құбылыс өте және қысқа мерзімде жүреді.
Ер және қыз бала эмбрионында алғашқы жыныс клеткалары гистологиялық бір-
біріне өте ұқсас болады және 7 аптаға дейін жынысты айыруға мүмкіндік болмайды. Бұл
кезде екі жыныс өзегі де бірдей кездеседі: алғашқы бүйрек өзегі (Вольф өзегі) және пара-
мезонефриттік өзек (Мюллер өзегі). Алғашқы гонада қабықтан, милы қабаттан тұрады.
Жыныстың қалыптасуы негізінен ұрықтанған жұмыртқа клетканың хромосомды
жиынтығына байланысты жүреді. Егер бұл жиынтықта У-хромосомдар болса бір-біріне
таза үйлесімді беткі клеткалық антиген пайда болады, ол Н-антиген деп аталады. Осы
пайда болған антиген аркылы, әлі жіктелмеген жыныс клеткасы, ер гонадасы
қалыптасады.
Гонададан милы қабықтың және аталық ұрық безінің пайда болып қалыптасуына У-
хромосоманың белсенділігі ықпал етеді. Қабығы сола бастайды. Бұл құбылыстар құрсақ
ішіндегі даму кезеңінің 6-7 аптарда жүреді. 8-ші аптадан бастап аталық ұрық безінде
интерстициальды гландулоциттер, яғни Лейдич клеткалары, анықталып, біліне бастайды.
Егер 6-7 аптаға дейін У-хромосомның ықпал етуі басталмаса, онда алғашқы гонада қабық
арқылы тасымалданады да, аналық безге айналып кетеді. Ал, милы қабаты түзеліп, өз
қалпына келеді. Яғни, еркектік жыныста қалыптасуы белсенді меңгеру арқылы жүрсе, қыз
баланың жынысы өздігінен жүретін табиғи құбылыс арқылы қалыптасады екен. Еркек
жынысының қалыптасуы келесі сатыларды пайда болып үлгерген аталық ұрық безі
шығаратын гормондар арқылы жүреді. Аталық ұрық безі гормондардың екі тобын бөліп
271


шығара бастайды. Бірінші топтың гормондары тестерон мен дигидростерон аталық ұрық
бездегі гландулоциттардан шығады. Гландулоциттердің белсенділігін плацента шығаратын
хорионды гонадотропиндер реттеп отырады және оған ұрықтың гипофизінің лютеиндеуші
гормондардың қатысуы да мүмкін. Тестостерон аздаған концентрацияда жалпы ықпал етуі
мүмкін немесе аталық ұрық безінің өзіне ғана өте жоғары деңгейде әсер етуі мүмкін.
Жалпы әсері арқылы сыртқы жыныс мүшелері қалыптасып, алғашқы жыныс бұдыры
жыныс мүшесіне айналады. Ұма және үрпі каналы пайда болады. Жергілікті әсе-рінен
алғашқы бүйрек өзегінен шәуһет жолдары мен шәуһет көпіршіктері пайда болады.
Екінші топқа жататын гормондар, яғни ұрықтың тестикулалары бөлетін гормондар,
парамезонефрит өзегінің жетілуін баяулатып тастайды. Бұл гормондар бірыңғай
бөлінбегенде парамезонефрит өзегі одан әрі дами береді, әсіресе аталық ұрық безінің
кемістігі бар жағында, бір жақты өсуі мүмкін және осы жерде қыз баланың ішкі жыныс
мүшелерінің элементтері, яғни жатыр мен жартылай қынап, қалыптаса бастайды.
Тестотерон жетіспеушілігінің нәтижесінде, оның жалпы әсер етуі жүзеге аспайдыда,
қыз балаға тән сыртқы жыныс мүшелері қалыптаса бастайды.
Егер әйелдің хромосом жиынтығы болса, сыртқы және ішкі жыныс мүшелері аналық
бездің әрекеттеріне және аналық бездің қаншалықты дисгенетикалық өзгеріп,
зақымдалуына қарамастан қалыптаса береді.
Бұл гормондар тек еркектік жыныс мүшелерінің қалыптасуына ғана емес, сонымен
қатар, нейроэндокрин жүйесінің белгілі бір бөліктерінің жетілуінеде әсер етеді және
тестестерон гипоталамус пен гипофиз текті эндокринді әрекеттердің циклді қайта
құрылып отыруын басып тастайды.
Демек ерлердің жыныс жүйелерінің, мүшелерінің табиғи қалыптасуы үшін
тестикулдің гормональды әрекеттерінің толық, әрі уақытында қосылуының маңызы үлкен.
Төмендегі жағдайлар жыныс мүшелерінің қалыптасуының бұзылуына себеп болуы
мүмкін:
1. У-хромосомдарының белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын жыныс
хромосомдарының әрекеттерінің және жиынтығының өзгеруі.
2. Тестикулдың диспализиясына және оның гормональды белсенділігінің төмендеуіне
себеп болатын эмбриопатиялар. Бұл жағдайларда ХУ хромосом жиынтықтары тепе-тең
күйінде кездесуіде мүмкін.
3. Ұрықтың тестикулды гормондарға қарсы туа біткен немесе эмбрион және фетагенезде
пайда болған сезімталдығының өзгеруі.
4. Ұрықтың тестикулдерінің эндокринді әрекеттерінің плацента арқылы жеткіліксіз әсер
етуі.
5. Әйел генотипі (XX) болғанда, яғни ер жыныс гормондарын экзогенді (сырттан)
жібергенде, анасында андроген бөлетін ісіктер болғанда немесе ұрықтың бүйрек
безінің ықпал етуі андрогендік гормондардың ете көп мөлшерде аномалиялы
жинақталғанда.
Жаңа туған қыз баланың аналық безі құрылысы жөнінен әйел адамның аналық безіне
ұқсас болады, бірақ, кіші жамбас сағасынан біраз жоғары орналасады. Ал, 2-5 жас
аралығында кіші жамбасқа түсіп, өзінің қалыпты орнына орналасады.
8-10 жастағы қыз баланың аналық безінің бөлген эстроген гормондарының әсерінен
жыныс мүшелері өсе бастайды және екінші жыныстық белгілер пайда болады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуін 3 сатыға немесе кезеңге бөледі: нейтральды
немесе асексуальды (6-7 жасқа дейін), пресексуальды немесе препубертатты (8 жастан
алғашқы етеккірі келгенге дейін), пубертатты (алғашқы етеккірі келген кезден бастап,
жыныстық жетілуі толық аяқталғанына дейін).
Нейтральды кезеңде жыныс гормондары баланың өсіп-жетілуіне әсер етпейді.
Пубертатты кезеңде организмде айтарлықтай жыныстың жіктелуі жүреді. Ішкі
секрециялық бездер бөлу әрекеттерін бастайды. Пубертатты кезеңде жыныстық жетілу
күшейіп, кейін аяқталады.
272


Аталық ұрық бездері қос безді мүше, ол бөліктерден тұрады. Бөліктер ирек және тіке
шәуһет түтікшелерінен тұрады. Ер адамның аталық безінің салмағы орташа 25 г,
ұзындыгы 3-5 см, ені 2-3 см-ге тең. Ал, жаңа туған ер балада ұзындығы да, ені де 8 мм-ге
тең болады. Оң аталық ұрық безі әдетте сол безден үлкендеу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет