Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ер баланың жыныстық жетілуін 2 кезеңге бөледі



Pdf көрінісі
бет258/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ер баланың жыныстық жетілуін 2 кезеңге бөледі.
10-15 жастан бастап жыныс
мүшелері мен екінші жыныс белгілері пайда болып, жетіле бастайды, ал, 15 жастан кейін
сперматогенез (шәуһет бөлу) кезеңі басталады.
Аталық ұрық безінің эндокринді әрекеттеріне, оның андроген бөлу қасиеті жатады.
Андрогендер биологиялық жинақталу құбылыстары арқылы тестестеронға айналып, екін-
ші жыныс белгілерінің қалыптасуына және ФСТ-мен бірігіп сперматогенезге ықпал етеді.
Жыныстық белгілердің жетілуі мен пайда болуы кезектесіп, белгілі-бір ретпен
тұрақты жүрмейді. Шамамен төмендегідей кезекпен пайда болуы мүмкін.
ҚЫЗ БАЛАЛАР ҮШІН
9-10 жастан бастап жамбас сүйектерінің өсуі, бөксенің дөңгелектенуі (өсуі), сүт
безінің емізік маңы дөңгелекшелерінің аздап көтерілуі байқалады.
10-11 жастан бастап сүт безі күмбез тәріздес көтеріле бастайды, қасағада шаштар
пайда болады.
11-12 жастан бастап сыртқы гениталия (жыныс мүшелері) үлкейіп, қынаптың
эпителийі өзгереді.
12-13 жаста сүт безінің безді тканьдері мен емзік маңайының тканьдері өсіп, емізік
маңайы пигменттенеді, алғашқы етеккір келеді.
13-14 жаста қолтыққа шаштар шығып, етеккірі әлі тұрақтамайды (ретсіз келеді).
14-15
 
жаста бөксе мен жамбас пішіні езгереді.
15-16 жаста безеулер шығып, етеккір ретті келе бастайды.
16-17 жаста тұлғаның өсуі тоқтайды.
ЕР БАЛАЛАР ҮШІН
10-11 жаста аталық ұрық безі мен жыныс мүшесінің жетілуі басталады. 
11-12 жаста қуық түбінін безі үлкейіп, көмей өсе бастайды. 
12-13 жаста аталық ұрық безі мен жыныс мүшесі айтарлықтай өсіп, қасағада
қыздарға тән шаштар пайда болады.
13-14 жаста аталық ұрық безі мен жыныс безі шапшаң өседі. Емзік маңайында түйін
тәріздес қатаюлар пайда болып, даусы өзгере бастайды.
14-15 жаста қолтыққа шаш шығып, дауыс одан сайын өзгере түседі, бетке жүн (шаш)
шыға бастайды, ұма пигменттеніп, алғашқы эякуляция басталады.
15-16 жаста шәуһет (сперматозоидтар) жетіледі.
16-17 жаста қасағанда ерлерге тән шаштану байқалады, бүкіл денеге жүндер
шығады, шәуһет пайда болады.
17-21 жаста тұлғаның өсіп, дамуы тоқтайды.
Ер және қыз бала үшін жыныстық жетілу белгілерінің көбі сәйкес келеді. Яғни,
бойдың шапшаң өсіп, қасағада және қолтыққа шаштың пайда болуы, дауыстың өзгеруі.
Бұл сәйкестіктер бүйрек үсті безінің белсенділігімен одан көп мөлшерде андрогендердің
бөліне бастауына байланысты. Ал, басқа белгілердің пайда болуы арнайы жыныс
гормондарының бөлініп шығып, әсер ете бастауына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет