Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ТАННЕР БОЙЫНША ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ САТЫЛАРЫН



Pdf көрінісі
бет261/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ТАННЕР БОЙЫНША ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ САТЫЛАРЫН
ИНТЕГРАЛЬДЫ БАҒАЛАУ СХЕМАСЫ
ЕР БАЛАЛАР
І-саты. Дененің өсуі мен салмақ қосу тең жүреді, май жинау арытып, аталық ұрық
безі үлкейе бастайды.
ІІ-саты. Дененің өсуі тез жүреді, ұма мен аталық безі үлкейіп, қасағаға шаш шыға
бастайды. Ареолалардың көлемі үлкейіп, қараяды.
ІІІ-саты: Жыныс мүшелері үлкейіп, жыныс мүшесі ұзарады, қасағаның III сатылы
шаштануы байқалады. Жоғарғы еріннің бұрыштарында шаш шығып, жамбасқа қарағанда
иық енінен өсе бастайды. Негізінен бұлшық еттері үлкейіп, дауысы өзгеріп, өтпелі
гинекомастия байқалады.
ІV-саты. Қолтық шұңқырында шаш шығып, жыныс мүшелері IV сатыға сәйкес
жетіледі және шаштануы IV сатыға сәйкес келеді, дауысы жуандайды, алғашқы эякуляция
пайда болады.
V
саты. Гениталии және қасаға V сатыға сәйкес шаштанады. Бетіне ересек адамдар-
дағыдай шаш шығып, бой өсуі тежеледі, гинекомастия жоғалады. Дене бітімі жетілген,
ересек 
адамдардікіне сәйкес болады.
ҚЫЗ БАЛАЛАР
I саты. Сүт безі үлкеймеген, қасағада шаш жоқ, сыртқы генталия балалардікіне
сәйкес, аналық ұрық безі өсе бастайды. Қынаптың РН – 6,0 – 7,0.
II
саты. II сатыға сәйкес сүт безінің үлкеюі, қасағаның шаштана бастауы, дене өсуінің
жылдам жүруі, саны жуандап, май жинала бастауы.
III
саты. Сүт безі
мен қасағаның шаштануы
III 
сатыға сәйкес келеді, қынап
үлкейіп, эпителийі қалыңдайды және оның клеткаларында гликоген жинала бастайды
Қынаптың РН – 4-5-ке дейін азайып, оның кілегейінде Дедерлейн таяқшалары пайда
болады. Дене дамуы үдей түседі.
III
саты. Қолтық
қуысында шаш пайда бола бастайды, етеккір басталып қасағада
шаш шығады, сүт безі IV сатыға сәйкес келеді. Аналық ұрық бездері үлкейе береді.
V
саты
. Сүт безі мен қасағаның шаштануы V сатыға сәйкес. Дененің өсу
жылдамдығы төмендеп, тұрақты овуляция басталады.
Кейде жыныстық жетілу уақытының отбасылық тұқым қуалайтын ерекшеліктері
кездеседі. Оның өте ерте немесе кеш басталуы мүмкін.
Қарапайым кеш басталатын түрлеріне нашар тамақтануға, немесе ұзақ, созылмалы
ауруларға байланысты өсуінің және дамуының жалпы қалыс қалуы жатады. Ал, дамудың
барлық басқа қалыс қалу түрлері жыныс бездерінің паталогияларына немесе гипофиз бен
гипоталамустың реттеуінің бұзылуына байланысты болады.
275


Қыз балалардағы конституциональды, тұқым қуалайтын жыныстық жетілудің ерте
басталуы 5-8 жаста байқала бастайды, оған «парциальды» жетілу жатады. Бұнда сүт
безінің бөлектеніп үлкеюі (біреуінің немесе екі бездің де) байқалады, бірақ басқа
жыныстық жетілу белгілері болмайды.
Ер балалардағы жыныстық жетілуі шапшаң жүруі ми зақымдалғанда, қабыну немесе
ісік болғанда, немесе бүйрек үсті безінің гиперплазиясында байқалады.
45 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет