Аралас тамақтандыруда бейімделген сүт қоспасын қолданғанда белокқа мұқтаждық –
2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген сүт қоспасын қолданғанда – 4 айға дейін – 3 г/кг, кейінгі
айларда 1 жасқа дейін 2,5-3 г/кг болып есептеледі.
Жасанды, бейімделген қоспамен тамақтандырғанда – 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген
қоспамен тамақтандырғанда – 3-3,5 г/кг.
Майға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде 3 айға дейін – 6,5 г/кг, 3-6
айда – 6 г/кг, 6 айдан бастап – 5,5 г/кг.
Көмірсуларға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде де 1 жасқа дейін 13
г/кг.
53 КЕСТЕ
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТЫҚ ЭНЕРГИЯҒА
МҰҚТАЖДЫҒЫ (ДДҰ— 1985 ж.)
ЖАСЫ
ДДҰ комитеті ұсынған - 1985 ж.
ккал/кг
кДж/кг
0-2 ай
116
485
3-5 ай
99
415
6-8 ай
95
400
9-12 ай
101
425
Достарыңызбен бөлісу: