Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Аштықтың белгісі болып ерінінде сору қимылдарының, басын жан-жағына



Pdf көрінісі
бет290/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Аштықтың белгісі болып ерінінде сору қимылдарының, басын жан-жағына
қозғау, әртүрлі дыбыс шығару (жылағанға дейін) есептелінеді.
- Баланы, бекітілген күн тәртібісіз, жиі емізу керек. Баланы емізу 24 сағат ішінде 8-12
реттен кем болмауы керек.
- Жиі сору және жиі сүт безін босату лактацияның жақсы және тез қалыптасуына, сүттің
жеткілікті, баланың мұқтаждығын қанағаттандыратын мөлшерде түзілуіне ықпал етеді.
305


- Ему мерзіміде шектелмеу керек. Тіптен іштеңе сормай, анасының емшегінде қалғып
жатса да, ему мерзімін баланың өзі шешуі керек.
- Емізу аралығында басқа сусындар беріп, нәрестенің тағамдық мазасыздануын баспау, өте
маңызды болып келеді.
- Уыз бен сүттің мөлшерінің ұлғаю және сәбидің емуге үйрену барысында
емізу жиілігі бір балаларда көбірек, кейбіреуінде азырақ сирей түседі.
- Түнде емізудің сүт мөлшерін көбейтуде маңызы үлкен (пролактин түнде көбірек
түзіледі).
- Бала ұзақ жақсы еміп, сүт безін толық босататын болса, екінші емшекті беру дұрыс.
Келесі емізгенде сол екіншісінен бастап емізу керек.
- Лактация қалыпты болса, сауудың қажеті жоқ.
- Екі емшекті де емізгенде, сүттің қиын сорылатын, бірақ, қажетті бірінші емшектегі
«артқы» сүтті толық іше алмай қалады, сондықтан екі емшекті жиі ауыстырмаған жөн.
Емшекті бергенде сәби емшекті бірден алмаса, емшектің ұшын баланың ерніне
тигізіп, 1-2 тамшы сүтті аузына сауу керек. Емізу арасында емшектің ұшын стерильді
сулықпен (салфетка) жауып қойған дұрыс.
ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУ ТЕХНИКАСЫ
ДДҰ/ЮНИСЕФ (1998) ұсынысына сәйкес табиғи тамақтандыру ережесі төмендегі
тәртіптерден тұрады:
1. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау. Емізу алдында қолын сабындап
ұқыпты жуу керек. Бюстгальтер таза жуылған болу керек.
2. Инфекцияланған болуы мүмкін болғандықтан, емізу алдында сүт безінің шығарушы
өзектеріндегі тұратын, үрпідегі алғашқы бірнеше тамшы сүтті сауып тастау керек. Сүт
безі, емшек ұшы қатайып, тартылғанда ІІ-ІІІ бармақтар ұшымен жеңіл айналдыра
сипау қимылдарымен сүтті сауып, емшек ұшы аймағын жұмсартқан жөн. Кейде қатаю
дәрежесіне байланысты емшек ұшы және оның аймағы ішіне қарай тартылып тұруы
мүмкін. Бұндай жағдайда, бала емшек ұшын аузына сала алмайды, сондықтан сүтті
көбірек сауып тастауға тура келеді.
3. Алғашқы күндері ана сәбиін бір жақ қырына жатып емізеді
(92 сурет).
Сәбиді аузына емшектің ұшын салуға қолайлы етіп жатқызады да, емшегін
сәл көтеріп, ұшын саусақтарымен ұстап (сүт безі қолының алақанында жатады),
сәбидің аузына, ұшын ғана емес айналасындағы терінің бөлігін дұрыс ұстайтындай
етіп, салады. Бас бармағымен, баланың мұрнын жауып тыныс алуына кесел келтірмеу
үшін, сүт безін кейін, төмен ығыстырып ұстап тұрады. Одан әрі босанған әйел отыруға
рұқсат берілгеннен кейін (3-4 күннен бастап) ана баланы, бір аяғының астына кішкене
отырғыш қойып, отырып емізеді
(93 сурет).
Сонымен қатар, емізетін басқа да
қалыптар белгілі: тікесінен, «қол астынан». Бастысы бала емізіп отырған ана өзі
тыныш, демалып отыратын жағдайда орналасуы керек. Сонымен қатар, әр уақытта
баланың басынан емес арқасынан сүйеп отыру қажет.
4. Емізіп болғаннан кейін бірнеше тамшы сүтті сауып, онымен емшектің сулықпен
жауып қою керек.
5. Емізіп болған соң қалған сүтті түгел сауып тастаған жөн.
6. Емізіп болғаннан кейін, міндетті түрде, баланы асқазанға емген кезде кеткен ауа
шыққанша, тікесінен ұстап тұрады.
7. Бір емшекті емізгеннен кейін, ондағы сүт толық таусылса, балаға міндетті түрде екінші
емшекті беру керек, ал келесі емізгенде міндетті түрде осы емшектен бастап емізу
қажет.
8. Емізу ұзақтығы еш уақытта шектелмейді. Бала еркін тамақтану керек, яғни бала
бекітілген тәртіппен емес, өзінің қалауы бойынша тамақтануы керек. Бұндай жағдайда
баланың өзі біртіндеп өзінің жеке тамақ ішу графигін жасап алады.
306


Еркін тамақтандырғанда баланы жиі, белгілеген күн тәртібісіз, түнгі үзіліссіз (түнде
пролактин күндізгіден артық түзіледі), ұзақтығын өзінің қалауы бойынша емізілуі керек.
Туылғаннан кейінгі алғашқы аптада 24 сағат бойы сәбиді 8-12 рет емізу керек. Жиі емізіп,
емшекті толық босату, сүттің тез және көп сәбидің қанағаттандыра алатын мөлшерде
түзілуіне ықпал етеді.
Егер сәби емшектен әртүрлі себептермен сүтті аз емсе, онда тағы да артынан сүтті
сауып беру керек (дұрысы қасықпен берген). Емген сүттің мөлшері әртүрлі болады.
Алғашқы күндері нәресте 1-12 мл-дей сүт емсе, 3-4 күндері – 40-50 мл, ол аптаның
аяғында 70-80 мл-ге
жетеді.
10-шы күндерден бастап тиісті сүт барлық нәрестелік кезенде сондай мөлшерде
қалады. Мөлшері дене салмағының 1/5 бөлігін құрайды да, барлық нәрестелік кезенде
сондай
мөлшерде қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет