5. Сүттің тоқырауы (сүт өзектерінің бітеліп қалуы) сүттің көбеюімен қатар
емшегі ауырады. Кейде дене қызуы көтеріледі. Бұл белгілер сүттің түзілуімен бала еметін
сүттің мөлшері теңелгенде, жойылып кетеді. Егер бұл белгілер жойылмай ұзақ байқалса,
емшекті сауып тастауға тура келеді. Бұндай жағдайда сүт безіне жылы спиртті жылытқыш
салған, ішетін сұйықтық мөлшерін ұлғайтқан жөн.
6. Галакторея – сүттің өзінен өзі ағуы, 2 түрлі болады:
а)
емшектен сүт сәби екінші емшекті еміп жатқанда ғана ағады,
б)
сүт емшектен өзінен-өзі емізу аралықтарында да аға береді. Баланы емізе беру
керек. Тек жиі емген сүт мөлшерін тексеріп, қажет болса үстеме тамақ беру керек.
7 .
Эпилепсия, истерия, босанғаннан кейінгі психоз .
1.9.3. ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ НӘРЕСТЕЛЕРДІ ТАМАҚТАНДЫРУ Жаңа туылған нәрестелерді күн тәртібі бойынша емес – нәрестенің талабы бойынша
тамақтандыру керек. Емшек сүтінен басқа ешбір сусын бермеу керек, әрине, медициналық
көрсеткіштер болмаса. Анасы мен нәрестенің бір бөлмеде болуын іске асыру қажет.
Емшек еметін нәрестелерге ешбір тыныштандырғыш дәрілер, болмаса, емшекті
ауыстырушы заттар (емізік және т.б) беруге болмайды. Арнайы дайындалған медицина
қызметкерлері анасына емізудің артықшылығы туралы ақпарат беріп, емізудің тәсілін
үйретулері қажет.
Анасы жағынан нәрестені ерте емізуге болмайтын көрсеткіштерге операциямен
босандыру, көп мөлшерде қан кету жатады.
Нәресте жағынан ерте емізуге болмайтын белгілерге Апгар шкаласының 7 ұпайдан
(баллдан) төмен көрсеткіші, нәрестенің тұншығуы, бас сауытының ішінің босану
жарақаты жатады.
Нәрестені бірінші рет емізу тәсілі. Бірінші сатыда, кіндіктің соғуы біткенге дейін,
нәрестені жалаңаш күйінде анасының ішінің үстіне салып, стерильді жаялықпен жабады.
Кіндіктің соғуы тоқтағаннан кейін, кіндікті алғашқы өндеуден өткізіп, нәрестені қайтадан
анасының ішінің үстінің жоғарғы бөлігіне салады. Анасының кеудесі мен іші
физиологиялық ертіндімен ылғалдандырылған стерильді жаялықпен жабылады. Біртіндеп,
нәрестеде іздеуі рефлексі пайда болып, ему, басын бұру және аяқ-қолының еңбектеу
қимылдары пайда болады.
20-30 минут ішінде көптеген нәрестелер өз бетімен, анасының көмегісіз, анасының
емшегін тауып алып, оның ұшын ауызына салады. Нәресте емшекті қуатты «сүзу» тәрізді,
емшекті жоғары көтеретін қимылмен ауызына алуы керек. Сору тиімділігі сол қысым
пайда болуына байланысты емес, баланың тісі жасайтын ырғақты массажбен, яғни
емшекті айқын механикалық «сауыумен», анықталады. Бірінші контакттан кейін бала
ембесе, оны бір сағаттан артық ұстаудың пайдасы жоқ. Ол ұйықтап қалады. Сонымен
қатар, туылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң терілік қатынас тәсілін қолдану пайдасыз
болады. Ал, келесі күндері удайы бұл әдісті қайталап отыру керек.
Бірінші күннен бастап баланы аштықтың кез келген белгісі немесе мазасыздану
пайда болған сайын, арнайы мерзімді күтпей емізе беру керек.