Дайындауы:
Тазалап, жуылған алма жұмсарғанша қайнатылады да сүзгіден
өткізіледі, қайнатпа мен қант сиропымен қосылады. Тиісті мөлшерде су қосылып,
қайтадан қайнағанша қыздырылады. Содан араластырып отырып, суда езілген картоп ұны
қосылады. Қайтадан қайнағанша қыздырылады. Сосын оттан алып ыдыстарға құйылып,
аузы жабылып, бөлме температурасында 1 тәулікке дейін сақталады.
Итмұрын дәндерінен дайындалған сусын.
1 литр сусынның құрамы: 50 г –
итмүрынның дәндері, 950 мл – су, 50 мл қант сиропы.
Дайындауы:
итмұрын дәндері салқын сумен жуылып, эмальданған ыдысқа салынып,
су құйылады. Содан 10 минуттай қақпағын жауып қойып қайнатады. Оттан алып, 3 сағат
бойына тұндырып қояды. Содан кейін тығыз стерильді дәкімен стерильді ыдысқа сүзеді.
Жаңа қайнатылған қант сиропын қосады. Сусынды мұқият араластырып аузын жауып,
этикеткасын жабыстырып, 2-10
о
жылылықта 1 тәулікке дейін сақтайды.
Жемістер мен көкөністерден шырындар мен
пюре дайындау.
Апельсин,
мандарин, лимон шырыны: апельсин, мандарин, лимонды тазалап жуыу, ыссы сумен
шаяды. Содан кейін ұсақтап кесіп, шырын сығатын құралдың көмегімен шырынын алады.
Егер ондай құрал жоқ болса, жемісті ұсақтап кесіп, дәндерін алып тастап, дәкіге орап,
қасықпен шырынын шыны ыдысқа жинайды. Дәміне сәйкес шырынға қант қосады.
Достарыңызбен бөлісу: