Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет305/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

«Балдырған»
Қазақстан оқымыстыларының еңбегінің нәтижесінде дүниеге келген
қоспа. Сиыр сүтін сүт қышқылды бактериялар қосып ұйыту арқылы дайындалады. Бұл
қоспа өсімдік майын, жұмыртқа сарысын, мыс тұздарын, сүт қышқылды темірді, аскорбин
қышқылын, Е витаминін, никотинамидті қосу арқылы, жартылай қаныққан май қышқыл-
дарымен, микроэлементтермен, витаминдермен байытылған. Құрамында ферменттер және
бактериоцидті заттар (лизоцим) болғандықтан, «Балдырған» биологиялық активті болып
келеді.
«Биолакт» пен «Балдырған» қоспалары айранға қарағанда қорытылу мүмкіншілігі
және ішек ауруларының алдын алудағы құндылығы бойынша бағалырақ болып келеді.
Олар ішуге сүйкімді. Балалар жақсы ішеді, салмақ жақсы қосады. Ұйыту үшін
қолданылатын сүт қышқылды бактериялары ішек микрофлорасына жағымды әсер етеді:
дисбактериозды жояды, ішек қабырғасының патологиялық микрофлораға беріктігінің
(резистентілігінің) артуына ықпал етеді.
Ацидофильді қоспалар «Малютка», «Малыш», «Витолакт», «Балбөбек» бейімделген
ащы қоспаларға жатады. «Балбөбек» Қазақстанда дайындалған ферментті қоспа. Сиыр
сүтінің сүттік сары су негізінде дайындалған. Қоспа жұмыртқа белогімен және
сарысымен, өсімдік майымен (жүгері немесе құнбағыс майымен) байытылған, қант,
витамин С және РР, темір, мыс қосылған. Өзіндік тәтті дәмі бар. Құрамында лактоза 4,2%,
сахароза 2,8 % болады.
Соңғы жылдары академик Т. Ш. Шарманов басшылық ететін Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық ғылым Академиясының Тағамтану институтында бейімделген ащы сүт
қоспаларын дайындауда маңызды жұмыстар жасалып жатыр. Аталмыш ғылым ордасында
«Бөбек», «Аруана», «Тұлпар» және тағы басқа тиімді сүт қоспалары дайындалды.
«Аруана» ащы сүт қоспасы сүтке қаймақ, қант сиропы, өсімдік майы,
микроэлементтерді (темір, мыс, цинк), А, Е, Д, РР, В - тобы витаминдерін, лизоцим
ферментін қосып, таза ацидофильді таяқшалармен дайындап ашытылған ашытқылармен
ұйытылады. Қоспаның құрамында 2,8-2,9 г белок, 3,5-3,6 г май, 7,2-7,4 г көмірсулар бар.
«Бөбек» ащы сүт қоспасы таза ацидофильді таяқшалармен дайындалып ашытылған
ашытқылармен ұйытылған сиыр сүтінің құрамына В, Е, А, РР және басқа витаминдер мен
микроэлементтер (мыс, мырыш, темір), лизоцим, қант сиропын қосып, дайындайды.
Өсімдік майы қосылмайды. Құрамында 2,8 г белок, 3,3 г май, 7,0 г көмірсулар бар.
«Тұлпар» ащы сүт қоспасы бие сүті негізінде В, С, РР витаминдерін, микро-
элементтер (темір, мыс, мырыш) қосып, дайындалады. Құрамында 2,5 г белок, 1,6 г май,
6,5 г көмірсулар бар. Бұл қоспа сиыр сүтіне аллергиясы бар балаларда қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет