Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет313/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Көс-өніс, жеміс-жидектер 
балалардың тамағының құрамында міндетті түрде болуы
керек. Көк-өністе тұздар мен витаминдер және ішек-қарынның қимыл әрекетін реттейтін
балласты заттар көп болады.
Көк-өністің түр-түрлері (сәбіз, қызылша, капуста, асқабақ, қияр, томат, және т. б.)
қолданылуы керек. Көк шөптер (салат, шпинат, қымыздық, қалақай, аскөк және т. б.)
витаминдермен, микроэлементтерге бай келеді. Жаңа көк-өністер жоқ болса кептірілген,
тоңазытылған, консервіленген, тұздалған түрлерін қолдануға болады. Көк-өністің кейбір
түрлерін балаларға шикі күйінде берген жөн.
Жармалардың да әртүрлілері берілу керек. Белоктың және минеральдық құрамы
бойынша бұршақ тектес жармалар маңызды болып келеді.
328


Нан тәуліктік тамақтың негізгі бөлігі, оның мөлшері негізгі тамақтың түріне
байланысты болады. Ерте жастағы балалар нанды 100-150 грамнан артық жемеуі керек.
Нанның түрі ішек-қарынның жұмысының күрделенуіне байланысты өзгертіліп отырады.
Жоғарғы сортты ұндардан жасалған наннан бастап төменгі сортты ұндармен біртіндеп
ауыстырылады (бастапқыда 72% ұннан, содан кейін 85% ұннан пісірілген нан береді). 2
жастан бастап түскі асқа міндетті түрде қара нан беру керек. Оның құрамында В тобының
витаминдері және балласты заттар көп болады.
ІІ Т А Р А У
Н Е О Н А Т О Л О Г И Я
2.1. ДДҰ-НЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ НЕОНАТОЛОГИЯДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қазақстанда ДДҰ-мен 2 бағдарлама енгізілуде:
1. 
Балалық кезеңдегі ауруларды саралап жүргізу:
Дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесінің
диагностикалық мүмкіндігі жеткіліксіз. Қажетті материалдарға және құрал жабдықтарға
қажеттілік қанағаттандырылмағанда, науқастар тұрақты келіп тұрмағанда, олардың күрде-
лі науқастарды тексеру мүмкіндігі төмендейді. Бұндай жағдайда медицина қызметкерлері
медициналық тактиканы анықтау үшін, тек қана анамнезге, аурудың клиникалық
белгілеріне жүгінуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда балаларға қажетті сапалы деңгейде
медициналық көмек көрсету мүмкін болмай қалады. Осы мәселені шешу мақсатында ДДҰ
мен ЮНИСЕФ Балалық кезеңдегі балалар ауруларын саралап жүргізу (БКАСЖ)
стратегиясын дайындады. БКАСЖ стратегиясы бұдан он жыл бұрын ұсынылған болатын.
БКАСЖ негізінен емдік көмек көрсетуге бағышталған болғанмен, науқасты жүргізуді,
оның ішінде тамақтануды, иммунизацияны және аурулардың алдын алу шараларын,
денсаулық сақтауды уағыздауды жақсартуға бағышталған. Сонымен, БКАСЖ, ортасында
баланың денсаулығы тұрған, балалардың денсаулығын сақтауды кешенді қарастыру болып
келеді.
2.
Қауіпсіз ана болу және тиімді перинатальдық күтім. «Қауіпсіз ана болу»
инициативасы 1987 жылы басталды. Бұл әйелдерге жүктілік кезінде, босану және
босаннғаннан кейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетуге бағышталған халықаралық
бағдарлама. Бұл инициатива 2000 жылы аналар өлімін 50%-ға дейін азайтуға жұмсалатын
медициналық қоғамның күшін қарқындату үшін жасалған. 
«Қауіпсіз жүктілік» бағдарламасы іске аспасада, халық аралық күштер бұл мәселеге
жұмылдырылды. «Қауіпсіз ана болу» инициативасын енгізу тәжрибесіне сүйене отырып,
ДДҰ-ның жаңа «Қауіпсіз жүктілік» инциативасын енгізу 2000 жылы басталды. Бұл
бағдарламада негізінен денсаулықты сақтау бөліміне жұмылдырылған. Оның негізгі
мақсаты барлық аналарға және олардың балаларына, бірден туылғанға кейін
мамандандырылған көмек көрсету болып келеді.
Мамандандырылған көмекке жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан
кейін әйелге және оның баласына аккредитацияланған және компетентті, жүйелер мен
мүшелердің қызметін қамтамасыз етуге, медициналық мекемелермен келісіммен науқасты
басқа мекемеге аударуға қажетті көліктерді қоса, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз
етілген, медициналық қызметкерлердің көмегі жатады. Мамандандырылған күтім
кезкелген медицина қызметкерлерімен жасалу мүмкін. Мамандықтың немесе лауазымның
әртүрлі мемлекетте әртүрлі аталуы мүмкін, сондықтан шатасып кетпес үшін, бұл
мамандарды «мамандандырылған қызыметкер» немесе «босануда қатысушы
мамандандырылған адам» деп атауға келісілген.
329


ДДҰ, акушерлер халықаралық қауымдастығы және акушер-гинекологтар
халықаралық федерациясы босану кезінде, босану және босанғаннан кейін бірден күтім
мамдандандырылған қызметкерлермен жасалуын уағыздайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет