Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет304/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Бейімделген қоспалар.
Соңғы кезде емшек жасындағы балаларды тамақтандыру
үшін сапалық құрамын өзгертуі арқылы физикалық-химиялық қасиеті жақсартылған, сүт
қоспалары (бейімделген қоспалар) кеңінен қолданылатын болып отыр
). 
Бұл берілген тізім
дүние жүзілік өнеркәсіп шығарған тағамдық қоспаларды толық шектейді деуге болмайды,
өйткені күнбе-күн, әсіресе шет елден, жаңа қоспалар келіп жатады. Ондай жағдайда
олардың қорабының сыртында берілген құрамына, дайындау тәсіліне көңіл аудару керек.
«Деталакт» атты қоспа майын алған сүтке кокостың және жүгерінің майын,
витаминдер, минеральдық тұздар (міндетті түрде темір) қосып жасалады. Көмірсулар
лактоза күйінде болады. Қоспаны берер алдында, қайнаған суға (қызуы 37-38
о
)
араластырып дайындайды. Қоспаны жаңа туылған балаларғада беруге болады. Құрамында
Д витамині жеткілікті болғандықтан, бұл қоспамен тамақтанатын балаларға рахиттың
алдын-алу үшін Д витаминін берудің қажеті жок. «Малютка» және «Малыш» қоспалары
иісі жағымды, дәмді ақ ұнтақ. Әдейі өңделіп (гомогенизация, вакууммен ұшырып кұрғату)
рафинирленген өсімдік майы, шикі қаймақ (кілегей), витаминдер (А, Д, Е, С, РР, В
6
), темір
глицерофосфаты қосылған. Декстрин, мальтозалар, калий және натрий цитраттары
(«Малютка», «Малыш») енгізілген ұн жаңа туылған балалар, тіптен шала туылған
балаларда, жақсы сіңіре алатын қоспалар. Сүттік негізін ұшырып, вакууммен құрғатып,
гомогенизациялау сиыр сүтінің құрамындағы белоктың қасиетін өзгертіп, сіңірілу
мүмкіндігін арттырады. Құрамына калий мен натрийдің, лимон қышқылдарының тұздары
кальцийдің тұнуына ықпалын тигізеді (кальцийдің цитраты суда нашар ериді). Бұл
әсерлердің бәрі қоспаның асқазанда ұйыу кезінде казеиннің нәзік борпылдақ ұлпа болып
ұйыуына тікелей әсерін тигізеді.
«Малютка» қоспасын туылған кезден бастап 1-2 айға дейін (шала туылғандарғада)
қолдануға болады. Қоспаны біртіндеп, тәуліктік көлемінің 1/8 бөлігінен бастап, береді.
Келесі 4 күн бойына 2 есе артырылып, күнделікті қажетті көлеміне жеткізіледі.
«Малыш» қоспасы 1-2 айлықтан бастап бір жасқа дейін беріледі. Қоспаның көлемі
баланың жасы және оның негізгі тағамдық заттарға физиологиялық мұқтаждығымен
анықталады. «Малыш» қоспасымен тамақтанатын балаларға жеміс-жидек шырыны,
үгінділері және қосымша тамақ тиісті мерзімінде беріледі. Дегенмен, Д витамині және
балық майы толықтырма тамақ ретінде берілмейді.
«Малыш» қоспасын қолданғанда, құрамындағы ұнның түріне байланысты нәжісі
өзгеруі мүмкін. Құрамында күріш ұны бар қоспа бергенде, баланың іші қатып, нәжісі
қатаяды. Қарақұмық пен сұлы ұндары болса нәжісі жұмсарып, ботқа тәрізденеді.
«Витолакт» қоспасының екі түрі шығарылады: «Витолакт - ДМ» сұйық сүті және
құрғақ
түрі. Екі түрін дайындау үшін де, бейімделген СГД-2 қосынды (әдейі өңделген құрғақ
сүт сары суы), шикі қаймақ, тазаланған өсімдік майы, қант, декстрин-мальтоза, С және А
витаминдері, дистилляциядан өткен су, сапасы жоғары сүт қосылады. Сиыр сүтімен сүт
317


сары суын қосып, «Витолакт» қоспасында белоктың жалпы мөлшері өзгертілген, казеин
мен еритін белоктың мөлшерінің және ауыстырылмайтын амин қышқылдарының
арасындағы қатынас өзгертіліп, ана сүтінің құрамына жақындатылған. Өсімдік майын
қосу арқылы жартылай қаныққан май қышқылдарының, Е витаминінің мөлшері ана
сүтінің деңгейіне келтірілген.
Соңғы кезде ішек бифидофлорасының қалыпты дамуы үшін лактозамен қатар поли-
және олигомин қантының қажет екені анықталған. Осыған байланысты «Витолакт»
қоспасының құрамына лактозадан, сахарозадан, мальтозадан тұратын көмірсулар
кешендері және әртүрлі дәрежеде деполяризацияланған декстриндер енгізілген. Сонымен
қатар, кальцийдің мөлшері 20-25% азайтылып, темір ана сүтінің құрамындағы деңгейге
жеткізілген.
«Детолакт» қоспасы майы алынған сүттен дайындалады, сондықтан құрамында сүт
майы болмайды. «Детолакт» құрамындағы май кокос және жүгері майының 3:2
қатынасындай болады. Көмірсулардан тек сүт қанты – лактоза ғана болады. «Детолакт»
қоспасы витаминдермен (А, Д
2
, Е, С, РР, В
р
В
2
, В
3
, В
6
, В
12
), минеральды тұздармен (мыс,
мырыш, марганец және темір тұздары) байытылған.
Ащы сүт қоспалары бактериальдық ферментация жолымен, сиректеу әртүрлі
қышқылдар (сүт, хлорлы сутек және тағы басқа қышқылдар) қосу арқылы, дайындалады.
Тәтті қоспаларға қарағанда ащы қоспалардың артықшылығы бар. Ащы қоспалардың
құрамындағы белок ұйыған күйінде болады.
Сүт қышқылды бактериялар казеинді активті түрде ыдыратып, негізінен амин
қышқылдары мен пептидтердің пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, сүт
қышқылды таяқшыларының протеолитикалық активтілігі, кокктарға қарағанда, артық
болып келеді. Сүт-қышқылды бактерияларының протеаздарының қолайлы әсері РН 5,0-7,0
болғанда байқалады. Глутамин қышқылы, тиреонин көп, аздау мөлшерде валин, серин,
глицин түзіледі. Ащы сүт қоспалары асқазаннан, тәтті сүттерге қарағанда, жайырақ
эвакуацияланады. Ұйыған кезде жиналатын сүт қышқылы ішек қарын жолының сөліністік
әрекетінің артуына ықпал етеді, сондықтан ащы сүт қоспалары жеңіл қортылады.
Сонымен қатар, бұл қоспалардың жеңіл сіңірілуі, бактериялық ферментацияда, қанттың
азаюына да байланысты болып келеді. Себебі, лактозаның айқын немесе жасырын
жетіспеушілігі байқалатын балаларда, тәтті сүттерге қарағанда, жеңіл қорытылады.
Сонымен қатар, ащы сүт қоспаларының осмолярлығы арытылып, басқа балаларда ащы
ішек саңылауында сіңірілуінің бұзылыстары байқалады және үлкен дәретке жиі отырады.
Ащы сүт тағамдарында витаминдердің мөлшері әдәуір өзгерістерге душар болады.
Мысалы, ацидофилинде В
1
витаминінің мөлшері сүт құрамындағымен салыстырғанда
25%, айранда 11%, В
2
витамині 7 және 4% артық болады. С витаминінің мөлшері де арыта
түседі. Сонымен қатар, никотин қышқылы мен Е витаминінің мөлшері азаяды (айран
ұйытқанда никотин қышқылының жойылуы 73, ацидофилинде 66%, ал Е витаминдерінің
азаюы осыған сәйкес 3 және 13 % құрайды).
Қолдан ашытқан қоспаларға (сүт, лимон немесе хлорлы сүтек қышқылдарын қосып)
қарағанда табиғи түрде ашытқан қоспалардың жағымды әсері ішек микрофлорасының
қалыптасуына байланысты болып келеді.
Ішектің қалыпты микрофлорасы организмнің қорғаныс күштерінің артуына ықпал
етеді. Мысалы, басқа бактериялармен бірдей антигені бар, ішек таяқшасы ішек қабыр-
ғасын басқа бактерияларға (мысалы дизентерияға) қарсы иммунизациялайды. Ең жоғарғы
антибиотиктік активтілік байқалса, қайнатылған сүтте төмендеу, ал пастеризацияланған
сүттен дайындаған ащы сүт тағамдарында одан да төмен болып келеді.
Ащы сүт қоспаларының артықшылықтарымен қатар, кейбір жағымсыз әсерлері де
байқалады. Ащы сүт қоспаларымен тамақтандырғанда (айран және сұйытылған түрлері)
зәрмен аммиактың, тұздардың көп мөлшерде бөлінуі байқалады (кейде кальций балансы
теріс болады және т.б.). Бұндай өзгерістер алмасу реакцияларының зорлануының
көріністері болып келеді. Сонымен қатар, ащы сүт қоспаларымен ерте жастағы балаларда
318


бейтараптануы қиын болып келетін, қышқыл радикалдары көп мөлшерде түседі. Осыған
орай ащы сүт қоспаларын аса көп мөлшерде беру тиімсіз болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет