Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет366/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
 
Қызамықтың клиникалық көрінісі полиморфты. Туа болған
қызамық синдромы: жүректің даму ақаулары (артериальды өзектің жабылмауы, қарынша
аралық перденің ақауы, өкпе артериясының стенозы) көздің, (ылайлануы, катаракта,
хориоретинит, микроофтальмия, глаукома), ОНЖ зақымдалуы (микроцефалия, ақыл-
ойының қалыс қалуы), кереңдік жатады. Қызамыққа Грегга үштігі (триадасы) тән:
 
1)егер
анасы қызамықпен жүктіліктің 1-ші жартысында ауырса 50% жағдайда, егер 2-ші жарты-
сында ауырса 14-25%, ал, кеш ауырса 3-8%жағдайда жаңа туған нәрестелерде кереңдік
анықталады. 2) көздің зақымдалуы (катаракта, микроофтальмия). 3)жүректің зақымдалуы
(артериальды өзектің жабылмауы, өкпе артериясының және аортаның стенозы, перде
мүкістіктері)
Сонымен қатар, құлақ қалқаны деформациясы, бет және бас гемангиомасы, қосымша
емізік, өкшенің әр түрлі деформациясы, гипосподия ж.т.б. Алайда туа болған қызамықта
тромбоцитопения, гепатомегалия, құрсақ ішілік даму кідірісінде, интерстициальды
пневмония, миокардит немесе миокард некрозы, метафиз бөлігінде сүйектің зақымдалуы
сияқты өзгерістер “қызамықтың кеңейтілген синдромы” деген түсініктер пайда болуына
мүмкіндік береді.
Туа болған қызамықта менингоэнцефалит дамуы мүмкін. Ауру симптомы айқын
емес, ұйқышылдықпен, енжарлықпен немесе керісінше қозғыштықпен байқалады. Кейбір
жағдайда қысқа уақытты құрысу ұстамаларымен анықталады. Эндокринді безден негізі-
нен қалқанша және қарын асты безі зақымдалып, қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін.
Кей нәрестелерде гуморальды және клеткалық иммунодефицит белгілері болуы ықтимал.
Туа болған қызамық жағдайында өмірінің екінше он жылдығында балаларда жеделдеген
өршімелі панэнцефалит дамуы мүмкін. Одан ақыл -ойының қалыс қалуы, атаксия, құрысу
синдромы және спастикалық жағдайлар тән.
Диагностикасы.
Қызамық диагнозы вирусты бөлу және идентификациялау
негізінде, немесе гемаглютинацияның тежелу реакциясын жүргізу барысында арнамалы
антидене титрінің өзгерісі нәтижесінде қойылады. Қызамық диагностикасында компле-
мент байланыстырушы реакциясы (КБР), иммуноферментті анализ, иммунофлюорисцен-
тті реакция, радиоиммунды анализ, Ig M спецификалық антидене анықтауға арналған
тестілер қоладнады. Ig M классындағы спецификалық антиденені анықтау зақымдалу
кезеңінің жақын аралықта болғаннын дәлелдейді (2-ай шамасында). Құрсақ ішілік
қызамық анықталған нәрестеде өмірінің алғашқы жылында Ig M анықталады, дегенмен де
вирусты бөлу диагнозды анықтаудың негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет