Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет393/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Патогенез.
 
Д витаминінің
 
жетіспеуі қанда иондалған кальций мөлшерінің
төмендеуіне әкеліп, ішек қабырғасынан кальцийдің өтуін қамтамасыз ететін, кальций
байланыстырушы белоктың түзілуі төмендейді. Организмде Д витамины азайғанда,
кальцийдің қанға сорылуыда азаяды. Осының салдарынан гипокальцемия үдей түседі. Бұл
құбылыс қалқанша маңы безін активтендіріп, қандағы паратгормонды көбейтедіде,
кальцийдің сүйектен шығуын жеңілдетеді және дистальды түтікшедегі реабсорбцияны
399


жеңілдетеді. Бүйрек түтікшелерін-дегі фосфор реабсорбциясын төмендетеді де,
гиперфосфатурия, гипераминоацидоурия, гипофосфатемия дами бастайды. Кейбір
мүшелердің қызметі бұрмаланады. Кребс циклында пирожүзім қышқылының лимон
қышқылына айналуы тежеледі. Сондықтан, лимон қышқылы азаяды да, ацидоз дамиды.
Паратгормон остеокластардың қызметін үдетіп, сүйек ткандарын бұзып, ондағы
кальцийдің қанға шығуына тікелей әсер етеді, орнына басқа тұздар орналасады.
Мешелдік құбылыс бұл остеоблас пен остеокластың қалыпты жұмысындағы осте-
оидты тканнің оссификациялық құбылыстың бұзылуы. Мешел ауруында остеомоляция
(сүйектің жұмсаруы, гипоплазиясы, жаңа тіннің өсуінің тежелуі) пайда болады. 
Мешелдің ең бірінші клиникалық белгісі – жүйке жүйесінің бұзылуы болып
табылады: оған көңіл-күйінің өзгеруі, қорқақтық, ұйқысынан шошу, жылауықтық, маза-
сыздық, тершеңдік, әсіресе ұйқы және тамақтану кезінде терлеу жатады, дермографизм -
қызыл болады. Бұл тітіркенгіштікті күшейтіп, қышытады. Осының әсерінен бала басын
жастыққа үйкей береді де шүйдесінің шашы түседі. Тер жабысқақ, қышқыл исті болып
келеді. Баланы қолға алғанда, ол қорқып жылайды. Сүйек тканінің бұзылуы, яғни, үлкен
еңбек қырының және бас сүйегінің жұмсарғаны байқалады. Бұл кезеңде қандағы кальций
мөлшері азаймайды. Ал, фосфор мөлшері аздап азаяды, кейбір жағдайда қалыпты болуы
да мүмкін. Әрі қарай краниотабес байқалады, ауыр жағдайда, әсіресе, уақытына жетпей
туған балаларда, бас сүйегінің жұмсаруы күшейе түседі. Бас сүйегінің деформациясы
пайда болады. Маңдай сүйегі төрт бұрышты немесе «олимпиялық» болып өзгереді.
Мешелдің ауыр түрлерінде бет сүйектеріде өзгереді. Жақ сүйектері деформацияға ұшырап,
шайнауы бұзылады, тіс шығуы тежеліп, олардың шығу реті бұзылады. Кеуде қуысы да
деформацияға шалдығуы мүмкін: мешелдік «тасбиық», «гаррисон жырасы», «құс төс»
пайда болады, кеуде қуысының апертурасы кеңейіп, кейіннен аяқ-қолдар сүйегі
зақымданады да, «білезік», «інжу талшығы», немесе қолдың доға тәрізденіп, майысуы
байқалады. Жамбас сүйегінің деформациясы, байланыс аппараты мен бұлшық еттің
гипотониясы пайда болады. Баланың іші бақаның іші тәрізденіп, жалпайып («бақа іші»),
бүйірі топмпайып («мешелдік іш»), бала отырғанда, денесін қолымен тіреп отыруға
мәжбүр болады. 
Мешелмен ауырған балалар басын мерзімінен кеш ұстап, кеш отырып, жүріп,
тұрады. Жүйке-іс әрекетінің дамуы жас деңгейінен қалыс қалады. Жүрек-қан тамыр
жүйесінің, ішек-қарын жолының қызметі бұзылып, нәжісі қорытылмай сұйық болады.
Бауыр өсіп, оның қызметі бұзылады. Қанда әртүрлі дәрежедегі анемия байқалады. 
Қанда гипокальциемия 0,09 – 0,095 г\л, гипофосфатемия байқалады. Қандағы белок
спектры өзгреді: альбумин төмендеп, глобулин арытады. 
Д витаминінің емдік дозасына сезімталдығының дәрежесіне сәйкес рахитті екі түрге
бөледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет