пайда болуына себебін тигізеді. Бұл өзгерістерді қалыптастырып болмай, Д витаминімен
емдеу нәтиже бермейді.
Ішектегі сорылудың бұзылуы байқалғанда анықталатын мешел ауруы екінше реттегі
мешел болып есептелінеді. Себебі, ол негізінен муковисцидозда, целиакияда,
энтеропатияда және дисбактериоздарда кездеседі. Бұл аруларда ішектің кілегей
қабығының дистрофиясының әсерінен белок, витаминдер, минеральдық заттардың
сорылуы бұзылып, мешелдің ауыр түрі дамиды. Бұндай жағдайларда негізгі ауруларды
емдегеннен кейін ғана, Д витамині беріледі.
Д витаминіне тәуелді мешел
–
Д витамині жеткіліксіз мешелге ұқсас болып келеді.
Д витаминіне берік мешел тобына жатады. Д витаминінің емдік дозасы (3000-5000 ХБ)
көмектеспейді. Бұл дерттің негізінде Д витаминінің гормондық түрінің бүйректегі –
өткінші, жеңіл немесе күнделікті (ауыр түрінде ) метаболикалық блогі жатады.
Сонымен қатар, мешелді активтілігіне қарай кезеңдерге, ауырлық дәрежелері және
ағымына сәйкесте бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: