Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет395/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Рахиттің кезеңдері:
Бастапқы кезең:
Баланың 2-3 айлығында кездеседі. Тершеңдік, тынышсыздану,
ұйқысының бұзылуы, басының шүйде бөлігінің тақырлануы, гиперстезия байқалады. Бұл
кезең 2-3 созылады. Бұл кезеңнің аяқ жағында еңбектің кенересінің жұмсарғаны, қандағы
бейорганикалық фосфордың азайғаны анықталады. 
Рахиттің қозу кезеңінде
– жүйке жүйесінің бұзылуымен қатар, бұлшық ет және
сүйек жүйесі өзгереді. Бас сүйегінің деформациясы, маңдай, шеке төмпешіктері, мешел
«тасбиығы» және «білезігі», бұлшық гипотониясы пайда болып, іші бақаның іші
тәрізденіп үлкейіп, салбырап кетеді. 
Сауығу кезеңі
 
– мешел белгілері кері дамып, жүке сүйек жүйелеріндегі өзгерістер
жойылады. Сүйек қатаяды. Статикалық және қимылдық функциялары қалпына келеді.
Ішкі мүшелердің клиникалық өзгерістері жақсарады. Фосфордың қандағы мөлшері
көбейеді, ал, қанда аз күйінде қалады. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік қалыпты деңгейде
болады. 
Қалдықты көріністер кезеңі:
сүйек деформациясы, анемия, бауыр мен талақтың
үлкеюі 2-3 дәрежелі рахитпен ауырған балалардың 2-3 жасында байқалады.
І-ші (жеңіл) дәрежелі рахит.
Жүйке жүйесі жағынан тітркенгіштік, тершеңдік,
тынышсыздану; шүйде аймағындағы шашының түсуі байқалады. Сүйектік өзгерістер –
үлкен еңбегінің шеттерінің жұмсаруы, шүйденің жалпаюы, қабырғалардың шеміршек
ауысар жерінде төстің томпаюы пайда болуы сияқты жеңіл өзгерістер болады. 
ІІ-ші (орташа) дәрежелі рахит:
Жүйке жүйесі мен бұлшық
 
еттің әдәуір бұзылуы,
сүйектің өзгеруі, жалпы жағдайының нашарлауы, ішкі мүшелердің (бауыр мен талақтың)
үлкеюі сияқты өзгерістер байқалады.
ІІІ-ші (ауыр) дәрежелі рахит:
Жүйке жүйесінің
,
қозғалыс және сөйлеу
дағдыларының кеш дамуы, сүйек деформациялары, бұлшық ет гипотониясының ауыр
түрі, жүрек-тамыр жүйесінің, ішек-қарын жолдарының, тыныс мүшелерінің зақымдалғаны
байқалады. Қанның биохимиялық құрамында өзгерістер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет