Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет410/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Аутоаллергиялық диатез:
аутоиммундық реакциялар беру мүмкiндiгiнiң молдығы,
“люпоидтық диатез” – терiнің ультракүлгiн сәулеге жоғары сезiмталдығы, қанда
гамма-глобулиндер мөлшерiнiң жоғарылауы, сау кезде LЕ-клеткалар, антинуклеарлық
факторларды жиi табылуымен көрiнедi.
Аутоиммунды ауруларға (мысалы ЖҚН) iштен
бiткен бейiмдiлiк АКШ елiнiң 10%-да, оның iшiнде – әйелдерде екi есе көп болатыны, ал
осы диатездiң аутоиммунды дертке ауысуына персистенциямен жүре беретін вирустардың
ықпалы болуы мүмкiндiлiгi анықталды. 
Инфекциялық-аллергиялық диатез
– 
жұтқыншақ аурулары не ЖРВИ-лардан соң
ұзақ мерзiмдiк ЭТЖ жоғарылауы мен субфебрилитет, артралгия, кардиалгия симптом-
дарының пайда болуымен көрiнедi. 
Ад-дiң бұл түрiнде бала организмi иммунокомплекстi
және медиаторлық қантамырлық бұзылыстарға (васкулиттерге) бейiм. 
НLА жүйесiмен Ад ассоциациясы анықталган: АтД-да – В
8
, В
18
, В
16
аутоиммундық
түрiнде – В
8
, DRw3, DR3, SС01, Сw7; инфекциялық-аллергиялық түрiнде – В
12
, DRw6,
DRw4. Бұл диатездердi бөлiп, ажыратудың тағы бiр дәлелi: осындай балаларды
вакцинамен алдын ала егудi жетiлдiру, мұндай мәндi биологиялық операцияға оларды
дайындаудың қажет екенi. 
АД-дiң аллергиялық ауруға ауысуына, аллергенмен кездескеннен басқа (бұған ауыр
антигендiк жүктеменің молдығы да қосылады) тыныс жолдарындағы, iшектегi инфекция
ошақтарының, терiнiң химиялык, қызулык, физикалық әсерлерге тiтiркенуiнiң (барьерлер
бүтiндiгiнiң бұзылуы): дисбактериоз, тиiмсiз тамақтану, гипоавитаминоз, инфекциялардан
бауыр қызметiнiң нашарлауы әсерiн тигiзедi. 
Клиникалық көрiнiсi.
Балалардың көбi гиперстеник болғанымен ауруда көрнектi
конституционалдық сипат жоқ. Бiр жасқа дейiн болған АтД-де ЭКД белгiлерi жиi, ал
лимфатикалық-гипопластикалық диатезде нерв-артриттiк диатез белгiлерi сирек болады.
Бұл балаларда нерв қозып, ашушандық, ұйқы бұзылысы, тәбет төмендiгi мазасыздық жиi
байқалады. Бауыры ұлғайып, от жолы дискинезиясы не холецистит, дисбактериоз (iш
тоқтауы не оның тұрақсыздығы, iш ауруы, метеоризм, «географиялық тiл» т.б.) болады.
Иммунопатия салдарынан созылмалы инфекция ошағы дамып, шеткi лимфа түйiндерi,
талақ ұлғайып, ұзақ мерзiмдi субфебрилитет жиi кездеседi; инфекциялық аурулар
ағымының созылыңқы келуi, әсiресе респираторлық инфекциялардың обструктивтi
компонентпен бiрге көрiнiсі де осы қатарға жатады. Аурудың әлi кетiп, ауыр(сын)у
ұстамалары, аз уақытқа естен тануы және т.б. кездеседi. 
АтД-дiң аллергиялық ауруларға алмасуы бiр жасқа дейiнгi ауру баланың терi
бұзылыстарымен, мектепке дейiнгi балаларда респираторлық аллергозбен, ал мектеп
жасындағыларда – экзема, нейродермит, дерматоперспираторлық аллергозбен байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет