татымдылықтар (қалампыр, бұрыш), консервi, колбасаны мүлдем алып тастау керек.
Анасына диета тағайындағанда, баланын диатезi қай тағаммен байланысты (бiлiнiсi,
асқынуы, кушеюi т.б.) екенi ескерiледi.
Аралас және жасанды тамақтанатын балаларға сиыр сүтiнiң мөлшерiн мейлiнше
азайту керек. Ботқа мен көкөнiс пюресiн сүтпен емес, көкөнiс қайнатпасында дайындау
жөн. Сүт орнына балаларға кефир (айран), биолакт берiлгенi жөн, себебi, сүт ашығанда
лактоальбумин (сиыр сүтiнiң нағыз аллергендiк белогi) бұзылады.
Диатездiң қайтымы ұзаққа созылса, әсiресе, сиыр сүтiне аллергия дәлелденсе,
баланы миндаль, соя “сүтiмен” асырауға тура келедi. Бұндай балаларға қосымша, жасанды
тамақтандыру ертерек, 4-4,5 айлығында енгiзiлуi тиiс, әсiресе, сiлтiлiк заттары молырақ
көкөнiс пюресi тиiмдi. Егер ЭКД-i бар баланың тамағы тек табиғи болса, оған қосымша
тамақ берудi, сау балаларға қарағанда, кешiрек енгiзген жөн.
Диатез емiнiң маңызды факторы – тамақты дұрыс витаминдеу. В
6
витаминiн
(ксантурен қышқылына деген зәрдiң әсерiн байқай отырып) тәулiгiне 50-75 мг-нан бередi.
Құрғақ экземада А витаминiн тағайындайды (1000 ХБ/кг 3 апта бойы), тек оның мөлшерi
тәулiгiне 10 мың ХБ-тен аспауы керек. Ауру асқынғанда, коферменттер тиiмдi:
кокарбоксилаза мен рибо-флавин мононуклеотидiн, соңынан тәулiгiне 100-150 мг кальций
пантотенатын (В
5
); тәулiгiне 50-100 мг кальций пангаматын (В
15
), күнiне 25-30 мг
токоферолды (Е витаминi) бiрiнен кейiн бiрiн беру керек. Айта кететiн жай, витаминдердiң
ұзак емдiк курстарына аса елiктемеу керек, себебi С, В
1
, В
12
витаминдер мөлшерiнің
көбеюi терiнiң аллергиясына әкелуi мүмкiн.
Көп жағдайда аллерген алиментарлық жолмен түсетiндiктен 10 күннен
лактобактерин, бифидумбактерин және 3-4 күннен магний сульфатының ерiтiндiсi (2-5%,
1 шәй қасықтан, күнiне 3- рет), полифепан дәрiлерiн қоса берген пайдалы.
ЭКД-де 7-10 күн бойы (бiрiнен соң бiрiн) антигистаминдiк дәрiлер кең қолданылады,
бұлардың тек бiреуiн ұзақ пайдалану тиiмсiз. Ремиссия кезiнде гистаминдi тұрақтандыру
үшiн гистаглобулин мен аллергоглобулин беру керек. Кейде басқа еммен бiрге Е-
аминокапрон қышқылын қолдану да пайдалы, ол қажеттi антибрадикининдiк, плазмин,
трипсин және басқа кейбiр протеолитикалық ферменттердi әлсiздендiредi.
Диатез көрiнiсiнде шөп қайнатпасын қолдану да тиiмдi (киiкоты, қайың жапырағы,
шайқұрай, қалақай т.б.).
Емнiң тиiстi түрi – терiнiң жарақаттанған жерiн емдеу. Емдi ерте, мүмкiншiлiгiнше
терi жарақаты жайылып кетпей тұрып, бастау мәндi. Осы мақсатпен уақытылы базданған
жердi тазартып, шомылдыру (суға емен қабығының, миндаль кебегiнің, танниннiң,
итшоған кайнатпасын қосу) керек. Терi қатты суланған жағдайда түймедақ (ромашка),
шәңгiш (калина) қосқан ваннаға шомылдырып, жағатын дәрiге тальк, мырыш тотығын
қосып, кейiннен нафталин, Дорохов сұйықтарын араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: