Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет425/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ажырату диагнозы.
Дене салмағы мен ұзындығының пропорциональды дамуымен
дамитын 
паратрофияны, 
гиперпластик балалардан (дене дамуының конституциональды
озық болуы) ажырата білу керек. Ол балалардың тін тургоры және бұлшықет тонусы
жақсы, трофикасы қалыпты, нервтік-психикалық дамуы жасына сәйкес, иммунитеті
бұзылмаған болып келеді. Паратрофияны ерте жасынан бастап, семіру байқалатын тұқым
қуалайтын аурулардан ажырату керек.
Бардле-Бидл синдромында
(16-хромосомдағы мүкістікпен аутосомды-рецессивті
тұқым қуалау) булемия фонында семірумен бірге олигофрения, полидактилия, пигментті
ретинопатия, артериальды гипертензия, бүйрек жетіспеушілігі, созылмалы гепатит, қант
диабеті байқалу тән болып келеді.
Альстрем синдромы
(атосомды-рецессивті тұқым қуалау) үшін ерте жастағы
семірумен қатар, нистагм, жарықтан қорқу, пигментті ретинопатия, нейросенсорлы
саңырау тән.
Паратрфияның емі
баланың тамағын қалыптастыруды қарастырады. Тамақтану
рационындағы қателікті қалыптастыру өте маңызды болып келеді. Тамақ мөлшері, қажетті
ингредиенттер баланың тиісті салмағына есептелінеді. Бұл балалар сау бала сияқты
тамақтанады. Ең дұрысы емшектен тамақтандыру. Бала жасанды тамақтанатын болса,
бейімделген қоспалар қолданған жөн. Алғашқылардың бірі болып, қосымша тамақ
ретінде, көкөніс пюресін бастап берген дұрыс. Күнделікті тағамының құрамындағы
жетіспейтін витаминдерді, тағамдық ингредиенттерді толықтырып, жеңіл сорылатын
көмірсуларды шектелуін қадағалау керек. Бала аш болмауы керек. Емнің негізгі шарттары
жүйелі массаж, гимнастика, тұрақты қыдыртып отыру, шынықтыру, қарқындандыратын ем
(қуаттандыратын адаптогендермен пентоксил, дибазол, және витаминдермен (А, Е, В
6
, В
12
,
Вс, В
5
, В
15
) ауысып отыратын курстар, қосарланған аурулардың (рахит, анемия) тиімді
профилактикасы (немесе емі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет