Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


С витамині (аскорбин қышқылы) гиповитаминозы



Pdf көрінісі
бет429/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

С витамині (аскорбин қышқылы) гиповитаминозы.
Сутексіздендіру процессін
күшейте отырып, организмде тотығу процессін стимулдейді, көптеген ферменттерді
активтейді. Көмірсулардың алмасуының қалыпты жүруін бауырда және басқа мүшелерде,
гликогеннің бекуіне көмектесу арқылы, қамтамасыз ететін тирозиннің тотығу С
витаминінің қатысуымен жүреді. Ішектен глюкозаның сорылуын стимулдейді. Аскорбин
қышқылы бауырдың антитоксикалық функциясын жоғарылатады, бауырда
полипептидтердің бекуін арттырады. С витамині барлық мезенхимальды тканьдерде
(капиллярлардың эндотериясы, фиброзды ткань, сүйек тканы, шеміршек және т.б.)
калогеннің қалыпты пайда болуын қамтамасыз етеді деп есептеледі. Кортикостероидтар
мен катехоламиндердің пайда болуын стимулдейтін болғандықтан, бүйрек үсті безі
қалыпты қызмет істеу үшін С витамині өте қажет. Аскорбин қышқылы қан жасауға
қатысады, ол жетіспегенде гипохромды анемия байқалады. С витамині иммундық денелер
пайда болу үшін де қажет деп есептелінеді.
Цинга.
Тістің қызыл етінің босауы мен қанталауы, шаш түбінің петехийлері
,
эхкимоздар байқалады. Фолликулярлық гиперкератоз (ІІ типі), анемия, бозғылттық, ерін,
мұрын, құлақ, тырнақ цианозы, табан ісіңкілігі , тістің түсуі, аяқ, әсіресе, табанның ауруы
байқалады. Гиповитаминоздың жеңіл түрлерінде суыққа сезімталдықтық, ұйқышылдық,
ашушаңдық, тез шаршау, аяқтардың талуы, жүректің соғуы білінеді.
Скорбут
.
 
Ызақорлық, ентігу, тәбеті төмендеу, апатия, анорексия, субфибрилетет,
субпериостальдық гематомалар, эпифиздің өсуі, рахитке қарағанда, үшкірлеу қабырға
«таспихтары» байқалады. Аяқтарының алшақтап, қозғалуының шектелуі (жалған сал),
«құрбақа» кейпіне ұқсау көрініс береді. Гиперстезия пайда болып, қозғалғанда, қол
тигізгенде ауырсынады. Диафиздер ауырсынады және ісінеді. Темір мен фолаттар
тапшылығынан анемия дамиды. Үлкен балалардың аяғы құрысады, жаралар ұзақ
жазылмайды. Егер балада тіс болмаса, қызыл иек қанталамайды, бірақ гингивит болады.
Аяқта, арқада петехийлер, гематурия, мелена болады. Субфибрилитет, балтырдың ісінуі
байқалады. Гипотрофия көрініс береді.
С витаминінің қандағы мөлшері 0,006 г/л-ден аз. А.И. Нестеров бойынша,
капилярлар резистентігі 15 петехийден көп. Түтікше сүйектердің R-граммасында (тізе
буынында жақсы білінеді) күнгірттік пайда болады, сүйектің арқауы жұқарып, әйнек
тәрізденеді, деструкция аумағы, периостальдық кальцификаттар, метафизде көптеген
сынықтар анықталады.
С витаминіне бай тағамдар: жаңа көкөністер, жемістер, цитрустар (қара мойыл,
мүкжидек). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет