Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Стеноздаушы ларинготрахеитте көрсетілетін шұғыл көмек



Pdf көрінісі
бет443/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Стеноздаушы ларинготрахеитте көрсетілетін шұғыл көмек:
І-дәрежелі тарылу
– оттегілік палатада немесе бетперде арқылы оттегі беру
(тәулігіне 4-6 рет, 10-15 минут бойына, нафазолин 0,5% ертіндісі, 30 мг преднизолон).
Ингаляциядан кейін дренажды қалыптарда жөтелді стимуляциялау.
ІІ- дәрежелі тарылуда
І-дәрежелі тарылуда көрсетілген көмектер көрсетіледі.
- бұлшық етке 0,6 мг\кг есебінен дексаметазон енгізу немесе басқа кортико-стероидтар-
дың сәйкес дозаларын қолдану. Бұл дозаларды кейін тағы қайталауға болады.
- ингаляциялық кортикостероидтар – бекламетазон дипропионат 50-100 мкг есебінен
тәулігіне 2-3 рет тағайындалады; 
- бу-оттегілік палаткаларда немесе бетперде арқылы ингаляция (1:1000 адреналин
ертіндісін) жасалады, тиімділігі жақсы болса сағат сайын ұқыпты бақылау барысында
қайталайды;
- диуретиктер (б\е лазикс 1%) қолданып, инфузиялық ем жргізіледі;
- қажет болса, синдромдық ем жүргізіледі (гипертермияны, құрысу синдромын, жедел
жүректамыр жетіспеушілігін).
Токсикоз, 3-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігі
байқалса интубация мәселесі шешілу керек.
ІІІ- дәрежелі тарылу:
- дәрі-дәрмексіз ем 1-11 – дәрежелі тарылуда көрсетілгендей;
- преднизолон 3-5 мг\кг венаға жіберіледі; 
- оксигенотерапия;
- ингаляциялар (30 минутқа дейін), тиімділігі байқалмаса жедел трахеяны интубация-
лайды да, бұғана асты венаға катетер қояды; 
IV-дәрежелі тарылу:
Шұғыл түрде трахеяны термопластикалық түтікшемен
интубациялау (түтікше диаметрін есептеуді тиісті бөлімнен қара).
436


Трахеяны интубациялап өкпені жасанды желдендіруге көшудің абсолютті
көрсеткіштері

- көмейдің IV - дәрежелі тарылуы;
-
көмейдің ІІІ- дәрежелі тарылуында 30 минут бойына көрсетілген консервативті емнің
тиімсіздігі;
- ІІ- дәрежелі тарылуда токсикоз, 3-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-тамыр
жетіспеушілігі;
- бронхиальды обструкцияның үдемелі артуы және «мылқау» өкпе синдромы;
- қандағы оттегінің парциальды қысымының 50мм с.б.-нан төмен түсуі, СО
2
парциальды
қысымының 60 мм с.б.-нан артуы.
Бактериялық қабыну белгілері байқалған жағдайда антибиотиктер (аминогликозид-
термен қосарлап ампициллин) тағайындау керек. Аллергиялық және таза вирустық СЛТ-те
антибактериальды терапия тиімсіз. Қызбада көрсетілетін шұғыл көмек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет