Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Стеноздаушы (тарылтушы) ларинготрахеит (СЛТ)



Pdf көрінісі
бет440/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

6.1.1.5. Стеноздаушы (тарылтушы) ларинготрахеит (СЛТ).
Экссудативті-
катаральды диатез және лимфатикалық-гипопластикалық конституция ақаулары, аллер-
гиялық диатез байқалатын балалардың көмей құрлысының анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері, 6 аймен 3 жас аралағында балалардың жоғарғы тыныс жолдарының жедел
обструкциясының себептері болып келетін СЛТ-тің (жалған круптің) дамуына бейімдейді.
СЛТ-тің негізгі этиологиялары (вирусты, аллергиялық, вирусты-бактериальды)
балардағы СЛТ-тің клиникалық көрінісі мен емдеу ерекшеліктерін анықтайды. 
Тарылудың вирусты этиологиясында клегейдің ісікті-инфильтративті өзгерістер
басым болады. Аллергиялықта – ісікті. Вирусты-бактериальды және бактериальды
түрлерінде – фибронозды және фибринозды-іріңді өзгерістерден жара-өліетті
(некротикалық) өзгерістерге дейін байқалады. Аллергиялық және вирустық СЛТ-тер
қайталауға бейімді болады. Аурудың вирусты-бактериальды және бактериальды
этиологияларында, төмен жылжыйтын фибринозды қабынудың дамуына байланысты,
СЛТ -тің обтурациялық түрлерінің пайда болуы мүмкін.
Жоғарғы тыныс 
жолдары арқылы ауаның жүруінің қиындауынан туатын тыныстың
бұзылуы жоғарғы тыныс жолдарының стенозы (таралуы) деп аталады. Көбіне көмей
тарылуы немесе круп жиі кездеседі. Жалған және шын круп болып екіге бөлінеді.
Белгілері негізінен кеңірдек, көмей, бронхтардың қаншалықты қабынғанын, тыныс
жеткіліксіздігінің дәрежелерін көрсетеді. 
СЛТ 4 дәрежеге бөлінеді:
Оттегі жетіспеушілігіне байланысты 
көмей стеноз
дәрежесі мен ұзақтыгы келесідей
болып бөлінеді. І дәрежелі – компенсацияланған тарылу; ІІ – субкомпенсацияланған
тарылу; ІІІ – декомпенсацияланған тарылу немесе предасфиксия және ІV – асфиксия. 
433


I дәрежесі – дауыс қырылдап естіледі, жөтел қатқыл үрмелі, мұрын-ауыз үшбұрышы
аздап көгерген. Емшек емгенде, қобалжыған кезде, жылағанда, қозғалғанда инспираторлы
ентігу пайда болады. Тыныштық кезінде бала ентікпейді. Инфекциялық СЛТ – тахикардия
дәрежесі дене қызуының деңгейіне сәйкес келеді. Ұстама бірнеше минуттан 2-3 сағатқа
созылады.
II 
дәрежесі – бала мазасыз, жиі қатқыл үрлеп жөтеледі, үнемі ентігіп отырады және
тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады ( қабырғааралықтың, төсүсті, бұғана үсті
аймағының, мойын аймағының жұмсақ тіндерінің ішке тартылуы), қатты терлейді,
дауысы қырылдап естіледі. Жөтел кезінде мұрын-ауыз үшбұрышы қатты көгереді де,
жөтеліп болған соң кетпей қалып қояды. Қан қысымы жоғарлайды.
ІІІ дәрежесі – аурудың жағдайы өте ауыр, қатты мазасызданады, өте жиі жөтеледі,
ерні мен қолдары (тырнақтары) көгереді. Басын кейін карай шалқайтады. Құрсақ үсті
бұрышы, төс ойығы, қабырға аралықтары ішіне қарай тартылып, инспираторлы қатты
шулы ентігу пайда болады. Тамыр соғысы жиілеп, салқын тер құйып кетеді. Аускульта-
цияда тынысы әлсірейді. Қан қысымы аздап төмендеген, пульс дефициті байқалады. 
ІVдәрежесі – науқас әлі кетіп, құлайды, басын шалқайтып, аузын ашып, ауа жұтқысы
келіп жанталасады. Кеуде қуысының қосымша еттері тартылады. Күрт көгереді. Дене
құрысуы пайда болуы мүмкін. Тамыр соғысы әлсіз, ырғақсыз, жүрек соғуы әлсізденіп,
тыныс тоқтайды, аздан соң тоқтап бірнеше ретсіз жиырылудан кейін бір жола тоқтап
қалады. Шын круп көмей дифтериясында, жалған круп қызылшада, вирусты инфекцияда
кездеседі.
СЛТ-ті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет