ларингоспазмнан
,
жедел эпиглотиттен, тыныс жолдарының бөгде
денелерінен, персистициялайтын стридордан, шын (Күлдік) круптан (тарылудан)
ажырату керек.
Ларингоспазм.
Жазғытұрым Д витаминімен емдеу кезінде немесе емді аяқтағаннан
кейін спазмофилиянын айқын түрінде байқалады (тиісті бөлімді қара).
6.1.1.6. Эпиглотит.
Жұтынғанда ауырсыну, айқын интоксикация белгілері, көмей
қақпақшасының қара-қоңыр (шие) түсті инфильтрациясы тән болып келеді. Әдетте, ерте
және мектепке дейінгі жастағы балаларда байқалады. Эпиглотиттке күмән туса, бірден
антибиотик (амоксициллин, цефтриаксин, азитромицин, аминогликозидтер) тағайындау
жедел түрде ЛОР аурулар бөлімшесіне ауруханалық емге жіберу керек. Себебі, жедел
тыныс жолдарының обструкциясы дамып, жедел мамандандырылған көмек қажет болуы
мүмкін.
Көмей мен трахеяның бөгде денелері.
Ларингоспазмге қосарланып, тыныс
жолдарының бітіп қалуына әкеледі. Балалар әртүрлі бөгде денелерді дем алу кезінде бірге
ішіне (тыныс жолдарына) тартып кетуі мүмкін. Бөгде денені аспирациялағанда, дені сау
балалада тез арада жөтел және өкпеде аскультациялық өзгерістер пайда болады. Ата-
жөтелдің пайда болған мерзімін дәл көрсете алады. Вирусты инфекцияның көріністері
болмайды, клиникалық жағдайы баланың қалпына сәйкес өзгереді. Бөгде дене
аспирациялағаннан соң жағдайы онша ауыр болмаса, басқа көмек жасауға тырыспай,
ларинго-бронхоскопия жасау үшін, тиісті бөлімшеге жіберу керек. Ал, өміріне қауіп
тудыратын асфиксия байқалса, бөгде денені алып тастауға қызмет қылу керек. Бір жастан
балаларда Геймлих әдісін қолданады. Баланы қырына жатқызады. Дәрігер сол жақ
қолының алақанын эпигастральды аймаққа салады да, оң қолының жұдырығымен 45
о
бұрыш жасап диафрагмаға 5-8 рет ұрғылайды. Бұндай әсерден диафрагма жоғары
көтеріледі де, тыныс жолдарында қысым жоғарлап, ауамен бірге трахеядан бөгде дене
шығып кетуі мүмкін. Бір жасқа дейінгі балаларда бауырды зақымдап алмас үшін, басқа
тәсіл қолданылады. Баланы, дәрігердің сол білегіне төмен қаратып (ішіне) жатқызады, сұқ
және ортаңғы саусақтарымен басы мен мойнын бекітеді. Дәрігер 60
о
-қа білегін
төмендетеді. Оң қолының басымен баланың жауырын ортасы аймағының қысқа соққылар
жасайды. Осы әдісті қолданғаннан ауыз қуысын тексеріп болса, бөгде денені алып тастау
керек. Бұл тәсілдерден пайда болмаса, трахеостомия (егер жасанды тыныс алдырғанда
434
кеуде қуысы жазылмайтын болса), трахея интубациясын (егер жасанды тыныс алдырғанда
кеуде қуысы жазылатын болса) жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |