Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАР ӨКПЕСІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ҚАБЫНУЫ



Pdf көрінісі
бет487/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

7.6. БАЛАЛАР ӨКПЕСІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ҚАБЫНУЫ
«Созылмалы пневмония» терминіне тән құбылыстарға авторлар әр түрлі түсініктер
берді. Созылмалы пневмонияға бүгінгі күнге сәйкес және өте дұрыс анықтаманы С.В.
Рачинский және В.К. Таточенко (1973) берді: «
Созылмалы пневмония

спецификалық
бронхиальдық құбылыс, оның негізіне бронхтардың морфологиялық, орнына қайта келіп
түзелмейтін деформациялық өзгерістері және өкпе тканьдері мен бронхтардың
рецидивтік қабынуымен бірге жүретін, бір немесе бірнеше сегменттің пневмосклерозы
жатады
». Берілген анықтама созылмалы пневмонияны диагностикалау үшін қажетті
негізгі компоненттерді, морфологиялық өзгерістердің сипаты мен тұрақтылығын және
созылмалы қабыну процессінің бар екендігін атап көрсетеді. 
Созылмалы пневмонияның қалыптасуына ықпал етуші себептердің бірі – қолайсыз
өтетін жедел пневмония. Жедел және ұзаққа созылған пневмония созылмалы пневмонияға
бірнеше факторлар арқылы айналады: 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмонияның
созылмалы пневмонияға ұласуы аурудың ауыр түрде өтуіне байланысты болады, ал бұған
тиімді тамақтанбау, рахит, экссудативті-катаральді диатез, гипотрофия және қайталап
ауыра беру әсер етуі мүмкін. Ұзаққа созылған сегментті қабыну көбіне оның орналасқан
472


жеріне байланысты болып келеді. Жалпы пневмосклероздық өзгерістер мен
бронхоэктазалар көбіне өкпенің сол жағында, төменгі бөліктерінде орналасады. Сонымен
қатар, кейбір науқастарды антибиотиктердің қысқа курсымен емдеу, осы препаратқа
микроорганизмдердің тұрақтылығының тууына себепкер болып, процесстің ұзаққа
созылған және созылмалы түріне айналуына әкеліп соқтыратынын айтпай кетуге
болмайды. Көптеген балалардың жұқпалы аурулары (қызылша, көк жөтел, тұмау және т.б.
тыныс жолдарының вирустық инфекциялары) бронх аппаратының зақымдану кезінде
маңызды роль атқарады. Осы зақымдану негізінде бронхтар және перибронхиальды
тіндердің терең өзгерістері, бронхопневмониялар, ателектаздар да жатады. Созылмалы
пневмонияның қалыптасуы көбіне ателектазды пневмония немесе зақымдалған
сегменттердің гиповенитиляциясымен қатар жүреді, яғни, бронхтардың дренаждық
қызметінің бұзылуымен немесе паренхиманың бұзылуымен қатар жүреді. Соңғы фактор
өкпенің стафилококкты деструкциясынан соң пайда болған өкпе қызметінің бұзылуында
байқалады және одан кейін көп жағдайда созылмалы пневмонияның дамуына жағдай
жасайды. Созылмалы пневмонияның қалыптасуының бір себебіне – бронхтардың бөгде
денелермен тығындалып қалуы жатады. Бронхтардың өткізгіштігінің, тіптен жартылай,
бұзылуы олардың әрекетін, әсіресе эвакуациялық қызметін күрт өзгертіп жібереді.
Осының салдарынан секрет жинақталып қалады да, одан әрі ателектаздық пневмония
дами бастайды. Әсіресе, бөгде дененің трахеобронхиальдық жолда ұзақ уақыт (7
тәуеліктен астам) тұрып қалуы қолайсыз жағдай болып есептеледі. Бөгде дененің пішіні
мен сипаты, оның инфекциялануы, бронхтың тығындалу дәрежесі, бөгде денені алып
тастау әдісі және оны одан әрі жеткіліксіз емдеу созылмалы пневмонияның қалыптасуына
қолайлы жағдай жасайды. Созылмалы пневмонияның қалыптасуына туберкулездің
нәтижесінде пайда болатын метатуберкулездік пневмосклероз да себепкер болады.
Созылмалы пневмонияның қалыптасуының әртүрлі тағы басқада себептеріне туа біткен
ателектаздар жатады. Жас сәбидің өкпесінің кейбір бөліктерінің жазылмауының себептері
болуы мүмкін. Сөз жоқ, ұрық маңы суын аспирациялау және бронхтардың клегеймен
бітеліп қалуы да патогенетикалық фактор болып табылады. Қандайда бір деңгейде
бронхтардың туа біткен өзгерістері белгілі бір дәрежеде олардың дренаждық функциясын
бұзып, соның нәтижесінде секреттің әркілісіне әкеледі және бронхтар мен өкпе
тіндеріндегі қабыну процесстерінің дамуын тудырады. Бронхтардың ауа өткізгіштік
қызметінің бұзылуы бронхиттің созылмалы түрде өтуіне, пневмонияға және бронхтары
деформацияланған пневмосклерозға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақытта бейарнамалық
бронхоаденитке, яғни бронхтар өткізгіштігінің (сыртынан басылып қалуы және т.б.
арқылы) бұзылуына әкелетін көкірек ішіндегі лимфа түйіндерінің туберкулелезсіз-ақ
(бейарнамалық) үлкеюіне көп көңіл бөлінуде. Созылмалы пневмонияның қайта өршуін
көбіне аралас вирусты-бактериялы, микоплазмалы-бактериялы, вирусты-микоплазмалы-
бактериялы және басқа да аралас флоралар тудырады. Созылмалы пневмонияның қайта
өршу кезінде бронхтардан көбіне гемофильді таяқша, геолитикалық стрептококк, алтын
түсті стафилококк, пневмококк және басқа да стафило-, стрептококктар табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет