Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


VIII ТАРАУ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР



Pdf көрінісі
бет495/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

VIII ТАРАУ
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР
Аллергия
термині – (грек. – allos – басқа, бөтен: ergon – әсер) 1906 жылы
австриялық педиатр Клименс фон Пирке (C.von Pirguet) сарысуды емдік мақсатпен
қайта енгізгеннен кейін жоғары сезімталдықтың (гиперсезімталдықтың) өзгерген
жағдайын анықтау үшін енгізілген. 1921 жылы Праусниц пен Кюстнер (C.Pausnitz,
H.Kustner) жедел түрдегі гиперсезімталдық реакциялары қандағы сарысу құрамындағы
антиденелерден туындайтынын көрсетті. 1925 жылы А. Кока және Е. Гровенің (A.F.Coca,
E.F.Grove) ұсынысымен жедел түрдегі гиперсезімталдықтың дамуын анықтайтын
антиденелерді реагиндер деп атай бастады. 1967 жылы К. Ишизака и Т. Ишизака
(R.Ishizaka, T. Ishizaka) иммуноглобулиндердің жаңа класы – IgE сипаттады және
реагиндер иммуноглобулиндердің дәл осы класына жататыны анықталды. 
Қазіргі уақытта «аллергия» термині сенсибилизацияланған ағзада гиперэргиялық
қабыну немесе шок түрінде көрінетін антигендік табиғатты заттарына ағзаның
гиперсезімталдығын белгілеу үшін пайдаланады.
Атопия – аллергияның жекеленген түрі (жағдайы): антигендік табиғатты заттарына
гиперсезімталдық жағдай, ол арнайы антидене – IgE-нің құрылуымен,
иммунопатологиялық реакциялардың 1-ші түрімен өтеді.
Таралуы.
Жер шары тұрғындарының 10-13%-да аллергиялық (атопиялық) диатез-
дер, яғни тұқым қуалау, туа біткен және пайда болған иммунитет, зат алмасу, нейро-
вегетативтік жүйенің ерекшеліктері салдарынан, болашақта аллергиялық реакцияның 1-
ші типі және аллергиялық аурулар дамуы байқалатын сенсибилизацияға бейімділік
болады. Рой Паттерсонның мәліметтері бойынша (1997 ж.), тұрғындардың 20%
аллергиялық ауруларымен, 10% – аллергиялық генезді созылмалы аурулармен ауырады.
Этиологиясы.
Әртүрлі дәрежедегі аллергиялық бұзылыстар терідегі реакциялар-
дан анафилактикалық шокқа дейін аллергияға бейім келетіндерде аллергендермен (ан-
тиген) аллергиялық әсер тудыра алатын анигендермен байланысы нәтижесінде дамиды.
Толыққанды аллергендер мен гаптендерге бөлек қарайды. Толыққанды аллергендер –
ақуыздар немесе жоғары молекулярлы салмақты гликопротеиндер болып келеді. 
Гаптендер – молекулярлық салмағы төмен, адам ағзасында ақуыздармен ковалент-
тік байланыс құрғаннан кейін толққанды аллергендердің қасиеттеріне ие болады. 
Балалардағы атопиялық аурулар экзогенді, көбіне инфекциялық емес, аллерген-
дерге сенсибилизация салдарынан болады. Экзогенді аллергендердің негізгі топтары. 
1. Аэроаллергендер 

ауада көп мөлшерде кездесетін аллергендер:
479



шаңдық аллергендер (ағаш ұнтақтары, күл, арамшөптер); 

үй шаңының аллергендері (үй шаңының аллергендерінің жиынтығы, үй
шаңының кенелерінің аллергендері, қоңыздар аллергендері);

саңырауқұлақ аллергендері (үй ішіндегі, үйден тыс) 

эпителийлер және басқа жануарлар аллергендері;
2. Тағамдық аллергендер.
3. Дәрілік аллергендер.
4. Шағатын жәндіктер уы аллергендері.
5. Өндірістік химиялық және биологиялық заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет