Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет483/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жіктелісі.
 
Бронхоэктаздық ауру жеңіл, орташа аурлықты, ауыр ағымды болады.
Бронхтардың кеңею пішініне қарай келесідей түрлерін ажыратады: цилиндрлік, қалталық,
аралас. Аурудың кезеңіне сәйкес өршу және ремиссия (сауығу) кезеңдері деп бөледі.
Клиникалық сипаты.
Бронхоэктаздық аурудың белгілері зақымдалған аймақтың
көлемі мен кезеңіне байланысты. Шаршау, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі,
физикалық дамудың қалыс қалуы жайылмалы, яғни қалталы бронхоэктаза, болуы
мүмкіндігіне, меңзейді. Бұндай науқастарда созылмалы гипоксия нәтижесінде аяқ-қол
бармақтары мен саусақтарында «дауылпаз таяқшасы – Гиппократ пальцы», «сағат
шынысы» тырнақтары сияқты өзгерістер пайда болады. Қараған кезде кеуде зақымдалған
жағының ішке қарай тартылуы, тегістелуі, тыныс алудан қалыс қалуы көңіл аударады. 
Бронхоэктазаның тұрақты белгісі – қақырықты жөтел және өкпедегі сол аймақта
тұрақты сырыл. Алғашқы кезде аз, көбіне таңертең, еңкейген кезде бөлінеді. Қақырық
қою, бөлшекті, иісі жағымсыз болып келеді. Бірте-бірте қақырық көбейіп, науқастың
жөтелген кезде ауызды толтырып шығаруы байқалады. Аурудың өршу кезеңінде қақырық
іріңді немесе кілегейлі-іріңді, ал сауығу кезеңінде – кілегейлі болады.
Бронхоэктазаға жергілікті, тұрақты аускультациялық белгілер тән болып келеді.
Зақымдалған аймақта орта-және кіші ылғалды көпіршікті сырылдар естіледі. Өршу
кезінде таралған құғақ сырылдар естіледі. 
Диагностика.
Жалпы анамнез және ауру анамнезін дұрыс жинау маңызды келеді.
Объективті зерттеуде жоғарыдағы берілген клиникалық белгілерді ескеру керек. 
Рентгендік зерттеуде (2 проекцияда (екі жағынан) зақымдалған аймақтың өкпе
түбіріне жақындағанын, көрші сегменттердің көлемінің арытқанын көруге болады. 
Бронхоскопия зақымдалған сегменттің орналасқан жерін, бронх саңалауындаға сек-
рет жағдайын анықтауға, цитологиялық, микробиологиялық зерттеулерге жағынды алуға
мүмкіндік береді. Қақырықты зерттеуге алып, ондағы қоздырғышты анықтап, оның анти-
биотикке сезімталдығын анықтайды. Ал, бұл антибактериялық емнің негізі болып келеді. 
Бронхография зақымдалған аймақтың көлемін анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет