Антибактериялық ем
ерте басталу керек. Антибиотиктерді
бронх немесе кеңірдек
шырышынан себілген микробтардың сезімталдығының қортындысына қарай, тағайындау
керек. Бірақ, in vivo мен in vitro сезімталдығы ылғи да үйлесе бермейді. Егерде
қоздырғыштардың сезімталдығын анықтау мүмкін болмаса, өткенде қолданылған
антибиотик бұл жолы тағайндалмау керек деген қағида сақталуы керек.
Муколитикалық дәрілер ішуге және ингаляция жолымен тағайындалуы керек.
Бронхоскопиялық тазалау (санация) және анибиотиктерді, антисептикалық заттарды
эндобронхиальды енгізу іріңді эндобронхит анықталғанда жүргізіледі.
Муколитиктер:
Протеолитикалық ферменттер (химотрепсин, химопсин,
рибонуклеаза); 10% N-ацетилцистеиннің ертіндісі 2-3мл, соңғы кезде жасына байланысты
100-200мг-нан күніне 3 рет қолданылады. Ультрадыбыстық және компрессорлық
аэрозольдық ингаляторлар пайдалынылады.
Физиоем
. Қозу кезінде Ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) электр тогы (3-4 процедура),
одан әрі «Луч-2» аппаратымен ультратолқын емі, содан соң әртүрлі дәрілермен (дионин,
платифиллин ертінділері және т.б.) электрофорез (обструктивті синдромда)
тағайындалады.
Емдік дене шынықтыру барлық кезеңдеріндеде тағайындалады. Қалыптық
(позициялық) дренаж жасау өте маңызыды болып келеді
(106 - сурет).
Достарыңызбен бөлісу: